Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Қазақстан Алматыда қамауда жатқан өзбек босқындарын Өзбекстанға бермекші

Қазақстан Алматыда қамауда жатқан өзбек босқындарын Өзбекстанға бермекші

rss Азаттық Радиосы 14 сентября 2010
Азаттық Радиосы
   
Өзбек босқындарының әйелдері жұбайларын қамаудан босатуды сұрап Алматы қалалық прокуратурасына келді. 13 қыркүйек 2010 жыл.

Өзбек босқындарының әйелдері жұбайларын қамаудан босатуды сұрап Алматы қалалық прокуратурасына келді. 13 қыркүйек 2010 жыл.

13.09.2010

Қазақстан өзбек босқыны Хуршид Камиловты Өзбекстанға жөнелткені мәлім болды. Прокуратура Алматыда қамауда жатқан өзбек азаматтарына Қазақстанда «босқын» мәртебесі берілмейтіндігін мәлімдеді. Енді оларды да Өзбекстанға экстрадицияламақшы.


ҚАЗАҚСТАН БІР БОСҚЫНЫ ӨЗБЕКСТАНҒА БЕРДІ

Бас прокуратураның шешімі бойынша Қазақстан жағы Қырғызстан азаматы Хуршид Камиловты Өзбекстанға экстрадициялағаны белгілі болып отыр. Прокурордың аға көмекшісі Тәшкенбай Әубәкіровтің айтуынша, Камилов өзбекстандық екі полиция қызметкерінің өліміне 
Алматы прокурорының аға көмекшісі Тәшкенбай Әубәкіров. 13 қыркүйек 2010 жыл.
күдікті ретінде халықаралық іздеуде болған.

Сонымен қатар оған лаңкестік пен діни экстремистік және тағы басқа ауыр қылмыстар бойынша айып тағылған.

«Бұл туралы ресми мәліметтер бізде бар», – дейді Тәшкенбай Әубәкіров.

Хуршид Камилов биылғы маусым айының 9-12 аралығында өткізілген «Мигрант» операциясы кезінде Алматы полициясы ұстап, содан бері абақтыда қамауда жатқан отыз адамның бірі болатын.


АБАҚТЫДАҒЫ БОСҚЫНДАР АШТЫҚ ЖАРИЯЛАДЫ

Алматы абақтыларында қамауда жатқан өзбек босқындарының әйелдері дүйсенбі, қыркүйектің 13-і күні Алматы қалалық прокуратурасына келді. Олар үш айдан артық уақыт бойы қамауда отырған күйеулерін босатуды өтініп, прокуратураға шағым түсірді.
 

Маусым айынан бері олар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қалалық және облыстық департаменті мен... http://bit.ly/cB2fao



235
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться