Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Жаңа қоғамдық ұйым сотталғандардың құқығын қорғамақшы

Жаңа қоғамдық ұйым сотталғандардың құқығын қорғамақшы

rss Азаттық Радиосы 14 сентября 2010
Азаттық Радиосы
   
Құқыққорғаушы Вадим Курамшин. Алматы, 13 қыркүйек 2010 жыл

Құқыққорғаушы Вадим Курамшин. Алматы, 13 қыркүйек 2010 жыл

13.09.2010
Мәншүк АСАУТАЙ

Тамыздың 13-і дүйсенбі күні Алматыда «Озбырлықпен күрес» атты республикалық ұйым құрылатындығы жайлы хабарланды. Түрмеде отырған сотталушылардың құқығын қорғаумен айналысатын бұл ұйым саясаттан қашық тұрады деп мәлімдеді бастама көтеруші Вадим Курамшин.


ЖАҢА ҰЙЫМ

«Озбырлықпен күрес» ұйымын құрмақшы болып бастама көтергендердің қатарында «Талмас» және «Қазақстан -2012» ұйымдарының жетекшілері Айнұр Құрманов пен Есенбек Өктешбаев та бар.
Айнұр Құрманов, оппозицияшыл қоғамдық белсенді. Алматы, 13 қыркүйек 2010 жыл

— Қазақстандағы биліктің өзі қылмыстық-түзету жүйесін реформалайтын уақыттың туғанын мойындады. Бірақ қылмыстық-түзету жүйесін жаңғырту процесін қоғам өкілдері қадағалап отыруы ләзім, — дейді құрылтайшылардың бірі Айнұр Құрманов. 

Жуырда ғана әкімшілік жаза негізінде он күн қамауда болған құқыққорғаушы Вадим Курамшин сотталушылар құқығын қорғайтын ұйым құру туралы көптен бері ойластырып жүргендігін айтады. 

— 1999 жылдан бастап Қазақстан түрмелерінде отырғандарға қатысты режимнің күшею тенденциясы байқалады. Сотталғандарды топ-тобымен жазалау тәжірибесі енгізіліп, оларды ұрып-соғу, қорлау мен айып изоляторларына заңсыз қамау сынды әдістер жиі қолданылады, — дейді құқыққорғаушы. 

Түрменің «іші мен сыртын» жақсы білетінін мәлімдеген құқыққорғаушының айтуынша түзету мекемелерінде жолдан тайғандарды түзеудің орнына, оларды басып –жаншу жүріп жатыр. Сотталушылардың қарапайым құқықтары сақталмайды. 
 

— Өзекті мәселелердің бірі – қылмыстық-атқару жүйесіндегі жемқорлық... http://bit.ly/9PQdJ2



221
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться