Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Ақтау түрмесінен қашқан 21 адамның 8-і ұсталып, бірнеше адам қаза болған

Ақтау түрмесінен қашқан 21 адамның 8-і ұсталып, бірнеше адам қаза болған

rss Азаттық Радиосы 22 июня 2010
Азаттық Радиосы
 

http://www.azattyq.org/content/Kazakhstan_aktau_prison_runaway_shooting_destruction/2079087.html

Түрме торы. Көрнекі сурет.

Түрме торы. Көрнекі сурет.

Соңғы рет жаңартылған мерзімі: 22.06.2010 17:28

Ақтаудағы қатаң тәртіптегі түрмеден қашқан 21 адамның 8-і ұсталды деп хабарлады Әділет министрлігінің өкілі Ерболат Ерімбет. Алайда ол қаза болғандар мен жараланғандар туралы ақпарат бермеді. Ақпарат құралдары таңертеңгі атыста бірнеше адам қаза болды деген хабар таратты.

Маусымның 22-і күні таңертең Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы ГМ 172/1 қатаң режимдегі қамау мекемесінен қашқан 21 адамның 8-і ұсталды, олардың қашуына түрме маңына екі көлікке мініп келген қарулы белгісіз адамдар болысқан деп хабарлады Әділет министрлігінің өкілі Ерболат Ерімбет сейсенбі күні Астанада өткен брифингте.

«Қаза болғандар мен жараланғандар да бар. Қашқындарды байқап қалған №6656 әскери бөлімнің сарбазы қарудан оқ атқан. Оған жауап ретінде түрме маңына келген белгісіз адамдар оқ атып, сарбаз жараланды», – деді Ерболат Ерімбет.

Алайда министрлік өкілі нақты қанша адам қаза тауып, қанша адамның жаралы болғандығы туралы ақпарат бере алмайтынын айтты.

«Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қылмыстық атқару жүйесі комитеті қызметкерлерінің қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», – деді Ерболат Ерімбет.

Азаттық радиосына Ақтаудағы бұл төтенше оқиға кезінде оқ тиіп жараланған екі адамның ауруханада жатқаны мәлім болды.

«Екі адам түсті. Біреуі – әскери сарбаз, екіншісі – ішкі істер департаменті арнайы тобының қызметкері. Бірінің өкпесіне оқ тиген, оған қазір ғана операция жасап шықтық, енді ол жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы өте ауыр. Ал екіншісі – сол жақ жамбасынан жараланған. Оның жағдайын орташа деп бағалап отырмыз, – деді Азатыққа түсініктеме берген Маңғыстау облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Мақсұт Сарқұлов.

Сейсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі Маңғыстау облыстық сот-сараптама мекемесіне сілтеме жасап, атыс салдарынан қаза болған 7 адамның денесі қалалық мәйітханаға жеткізілген деген ақпарат таратты.

Маңғыстау облыстық полициясы қамау орнынан қашқан 11 адамға қылмыстық іздеу жариялады. Олардың тоғызы – кісі өлтіргені үшін, біреуі – «қарақшылық» пен «тонау», және біреуі «терроризм» қылмысы бойынша сотталып, Ақтау түрмесінде жазасын өтеп жатқан.

Бұған дейін кейбір ақпарат құралдары маусымның 22-і күні жергілікті уақытпен таңғы сағат төрттен кете Ақтаудағы қатаң режимдегі қамау мекемесінің сырт жағына автокөлікке мініп келгендер қарудан оқ атып, 20 адамның қамаудан қашып шыққаны туралы хабар таратқан болатын.

Бүгін таңертеңнен бері Ақтау қаласының көшелерінде бақылау күшейтіліп, қарулы сақшылар мен полиция қызметкерлері күдікті жүргіншілердің құжаттары мен автокөліктерді тексеріп жатқаны туралы хабар жетіп отыр.



371
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться