Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Құдай – бір...

Құдай – бір...

rss Азаттық Радиосы 23 июня 2010
Азаттық Радиосы
 

http://www.azattyq.org/content/blog/2079676.html

Қазақ блоггері Серік Мұратхан

Қазақ блоггері Серік Мұратхан

 23.06.2010
Қазір Орта Азиядағы мемлекеттердің бәрінде жеке басқа табынушылық асқынып тұр. Бұл аймақтағы халықтар өзара туысқан, түбі бір, тілі де бір-бірінен алшақ емес түркі жұрты. Бәрінің де ұстанғаны – ислам діні. Бәрі де «құдай – бір, құран – шын, пайғамбар – хақ» дейді. 

«Қазіргі кездегі билік басындағылардың жеке басына табынуға шариғат жолы қалай қарайды?» деген сауал қойылса, мен Өзбекстан имамы болсам, былай жауап қайтарап едім: 

«Бұл енді оңай сұрақ емес! Алла «халыққа қарай патша, пейілге қарай нысап берем» деген. Егер бізге бұндай басшы берсе, оған бағынғанымыз, айтқанына көнгеніміз ләзім! «Құдай салды – құл көнді» деген қазақ мақалы дұрыс айтылған сөз! 

Егер Қырғызстан имамы болсам: «Шариғат жолында барлық адам Алланың құлы! Бәрі тепе-тең! Хан болсын, қара болсын, құл болсын, бала болсын – Алланың алдында барлық құлдары тең! Елге еңбек сіңірді деп, елдің басы деп биліктегі адамды аспанға көтеріп, «құдай» санап, Аллаға серік қосу үлкен күнә!» – дер едім.

Қазақтың имамы болсам: «Шариғатта «патша – Алланың жердегі көлеңкесі» деген. Патшаға қарсы келуге, қарсы сөз сөйлеуге болмайды. Әрқашан ел басқарған адамымызды ұлықтауымыз керек, ұрыспауымыз керек, аузымызды құлыптауымыз керек. Бұл шариғатта бар!» – дер едім.

Құдай – бір, құран – шын, бірақ шариғат айтатын ауызым мен тілім әр түрлі... Қай сөзім – ақиқат, қай сөзім – жалған? Ал Абай «Алланың өзi де рас, сөзi де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас» депті.

serikkerey-12@mail.ru



311
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 23 июня 2010, в 10:59:16
    шариғат пен саясат араласып кетсе не болады екен?
    ответить
    • *M*i*S*s* *P*o*Z*i*T*i*V* *M*i*S*s* *P*o*Z*i*T*i*V* 23 июня 2010, в 16:40:35
      ОЛ АРАЛАСПАУЫ КАЖЕТ ОНДА ЖАГДАЙ НАШАРЛАЙДЫ
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться