Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Қарағанды облысында шахтадағы апат салдарынан екі адам қаза болды

Қарағанды облысында шахтадағы апат салдарынан екі адам қаза болды

rss Азаттық Радиосы 24 июня 2010
Азаттық Радиосы
 

http://bit.ly/aJGPyH

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының ғимараты.

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының ғимараты.

24.06.2010

23 маусымда түнге қарай Қарағанды облысы Саран қаласында «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты шахтада апат болды. Шахта забойында көмір және метан газының кенеттен бөлінуі салдарынан құлаған үйінді астында қалған екі кенші қаза тапты.

Қарағанды облысының әкімі баспасөз қызметі апат болған шахта забойында қалған екі адам – 1960 жылы туған Серік Жұмашев пен 1981 жылы туған Марат Әбдірахманов қаза тапты деп хабарлады.

Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар қызметінің деректері бойынша, жергілікті уақытпен сағат 22.40-та Түсіп Күзембаев атындағы шахтаның забойындағы апат туралы дабыл түскен кезде шахтада болған 168 адам тезірек қауіпсіз жерге шығарылған. Апат болған забойда жұмыс істеп жатқан төрт адамның екеуі сыртқа шығып үлгерген, ал екі адам құлаған үйінді астында қалып қойған.

Шахтада жұмыс тоқтатылды. Апат болған жерде қою метан газы жиналып қалғандықтан электр қуатын қосуға мүмкіндік болмай, құтқару-іздеушілер тобы жер астында қалған екі адамды шығарып алу үшін забойға барар жолды қолмен аршуға мәжбүр болған.

Қарағанды облыстық прокуратурасы Сарань шахтасында болған апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлады.



269
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться