Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Кәсіпкер Серік Тұржанов сот үкімімен тоғыз жылға бас бостандығынан айрылды

Кәсіпкер Серік Тұржанов сот үкімімен тоғыз жылға бас бостандығынан айрылды

rss Азаттық Радиосы 2 июля 2010
Азаттық Радиосы
 

 

Кәсіпкер Серік Тұржанов, Алматы, 3 ақпан 2009 жыл.

Кәсіпкер Серік Тұржанов, Алматы, 3 ақпан 2009 жыл.

02.07.2010
Мәншүк АСАУТАЙ

Жұма күнi Астанада «статистер iсi» атанған атышулы iс бойынша сот үкімі жарияланды. Кәсіпкер Серік Тұржанов тоғыз жылға, статистика агенттiгi төрағасының бұрынғы орынбасарлары Нұрман Баянов пен Бiрлiк Меңдiбаев тиісінше 6 және 5 жылға қамау жазасына кесілді.


«СТАТИСТЕР ІСІ» 

Бүгін Астананың Есіл аудандық №2 сотында кәсіпкер Серік Тұржановтың ісі бойынша сот процесі аяқталды. Судья Ерлан Тасыров кәсіпкер Серік Тұржановты тоғыз жылға бас бостандығынан айырып, жеті жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салу туралы үкім шығарды. Кәсіпкер жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды.

Серік Тұржановпен бірге айыпкер ретінде сотқа тартылған Қазақстан статистика агенттiгi басшысының бұрынғы орынбасарлары — Нұрман Баянов алты жылға, ал Бiрлiк Меңдiбаев бес жылға бас бостандығынан айрылды.

Дүйсенбі күнгі сот отырысында сөз алған Серік Тұржанов өзіне қарсы қозғалған бұл iстiң саяси астары бар екендігін және мұны қаржы полициясы қолдан жасады деп мәлімдеген еді. 

– Менiң еш жазығым жоқ. Әрбiр шенеунiк және тендерге үмiткер ұлттық компания жетекшiлерiнiң кез келгенi дәл мен сияқты жағдайда қалуы әбден мүмкiн. Себебi, қазiр елiмiзде сондай саяси жағдай қалыптасқан. Еш кiнәсi жоқ адам да айыпталушы болып шыға келедi, – деді кәсіпкер.

Серік Тұржанов «мұндай заңсыздық жаудың қолында емес, өз Отанында болып жатқандығына өкінішін» білдірген еді.

Ал статистика агенттiгiнiң бұрынғы лауазымды қызметкерлерi соттағы соңғы сөздерінде... http://bit.ly/dsdyeN


286
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться