Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Жұмысты тоқтатып, аштық жариялаған мұнайшыларды қолдайтындар көбейді

Жұмысты тоқтатып, аштық жариялаған мұнайшыларды қолдайтындар көбейді

rss Азаттық Радиосы 6 июля 2010
Азаттық Радиосы
 

 

 
«Жайықмұнайгаз» компаниясының ондаған мұнайшысы аштық жариялап жатқан он жұмысшыға қолдау ретінде жұмысты тоқтатты. Аққыстау ауылы, Исатай ауданы, Атырау облысы. 3 шілде 2010 жыл.

«Жайықмұнайгаз» компаниясының ондаған мұнайшысы аштық жариялап жатқан он жұмысшыға қолдау ретінде жұмысты тоқтатты. Аққыстау ауылы, Исатай ауданы, Атырау облысы. 3 шілде 2010 жыл.

03.07.2010
Сәния ТОЙКЕН

Атырауда еңбекақы төлеміне қатысты талаппен аштық жариялап жатқан «ЖайықМұнайГаз» мұнайшыларын қолдап, сенбі күні тағы ондаған адам жұмысқа шықпады. Кейбіреулері аштық жариялағандардың қатарына қосылмақ ниетте. «ҚазМұнайГаз» барлау-өндіру» акционерлік қоғамы әзірге олардың талаптарына жауап берген жоқ.


АШТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАНДАРДЫ ҚОЛДАУ

Сенбі күні таңертең Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау ауылында орналасқан «ЖайықМұнайГаз» басқармасы кеңсесінің алдына алты автобусқа тиеліп, осы компанияның ондаған жұмысшысы келді. Олар кешеден бері бұл жерде аштық жариялап жатқан он жұмысшыға қолдау ретінде, шілденің 3-і күні жұмысты тоқтатқандарын мәлімдеді.

Кеңсе алдында бес автокөлікте аштық жариялап жатқан он жұмысшының жақындары автокөліктерді полиция қызметкерлерінен
«ЖайықМұнайГаз» компаниясының он жұмысшысы еңбекақыға байланысты талаппен басқарма кеңсесінің алдында автокөліктерінде аштық жариялап жатыр. Аққыстау ауылы, Исатай ауданы, Атырау облысы. 3 шілде 2010 жыл.
қорғап тұрған болатын, полицейлер автокөліктің мемлекеттік нөмірлерін шешіп алуға әрекет жасаған еді.

«ЖайықМұнайГаз» басқармасы кеңсесінің алдына жиналып тұрғандарға келіп, оларды наразылық акциясын доғаруға көндірмек болған Исатай ауданы прокуроры Асланбек Жалалов пен аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Сембай Жапақовқа жұмысшылар өз талаптары орындалғанша тарамайтындарын айтты.

Олар құқық органдары қызметкерлері мен аудан әкімшілігінен наразылық білдіргендерді қудаламау туралы қолхат беруді талап етті.

– Жігіттердің талабы орындалмай оларды тастап кетпейміз. Тіпті Назарбаевтың өзі келсе де қорықпаймыз, – деді оператор Любовь Кузнецова... http://bit.ly/aNEMgg


305
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться