Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Қытайша «демократияланудың», сингапур үлгісіндегі «лидердің» және советтік менталитеттің қоспасы

Қытайша «демократияланудың», сингапур үлгісіндегі «лидердің» және советтік менталитеттің қоспасы

rss Азаттық Радиосы 7 июля 2010
Азаттық Радиосы
 

 

 
Лондон Университетіндегі Шығыстану және африкатану мектебінің оқытушысы доктор Бавна Даве. Астана, шілде, 2010 жыл.

Лондон Университетіндегі Шығыстану және африкатану мектебінің оқытушысы доктор Бавна Даве. Астана, шілде, 2010 жыл.

06.07.2010

Азаттық радиосына берген сұхбатында Лондон Университетіндегі Шығыстану және африкатану мектебінің оқытушысы доктор Бавна Даве Қазақстандағы саяси процестер туралы және шілденің 6-сы 70 жасқа толып жатқан «Елбасы», яғни президент Назарбаев жөнінде тұжырымдарын ортаға салады.




ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ӨЗІНШЕ ПІСІП-ЖЕТІЛУІНЕ МҰРША БЕРУ КЕРЕК

– Әңгімемізді соңғы уақытта Үндістан туралы жазылған ең үздік романдардың бірі – Аравинд Адиганың «Ақ жолбарысындағы» бір пайымдаудан бастасам. Шығарманың бас кейіпкері бірнеше мәрте өзінің отанын қарғап-сілейді. «Дамушы әлемдегі ең ірі демократиялық режим болғанымыздан не пайда, не ауыз суымыз жоқ, не ауылда инфрақұрылым жоқ, тіпті Олимпиадада бір де бір алтын жүлде бұйырып көрмепті. Ал мына Қытайда демократия жоқ болса да, жаңағының бәрі бар» деп мысқылдайды. 

Дәл осындай «пәлсапа» 1991 жылдан бері Қазақстан президентінің де аузынан түспей келе жатқан стратегия деп айтуға болады. «Әуелі – экономика, сосын барып 
 саясат» деген сөзді жиі естиміз. Былайша айтқанда «Бірінші ауыз су, инфрақұрылым мен олимпиада медальдары, сосын барып әділ сайлау мен көппартиялық жүйе» дегенге саяды. Мұндай ұстаным Қазақстан үшін қаншалықты тиімді болды деп ойлайсыз?

– Аравинд Адигадан үзінді келтіріп, Қазақстан туралы пікір өрбіту үшін Үндістан мен Қытайды салыстыруыңыз жақсы әдіс екен. Адигаға келсек, [бас кейіпкер] Үндістанның әлеуметтік саясатындағы кемшіліктерді сынағанда негізгі тұрмыс игіліктері демократиядан бұрын орнау керек деп санамаса керек. Үндістандағы қарапайым халық пен саясаткерлер электр қуаты, ауыз су, арзан әрі сапалы тұрғын үй, жақсы білім беру жүйесі сияқты игіліктерді талап еткенде, керісінше, осы демократиялық институттарды жете пайдалануды үйренген.

Яғни, түрлі саяси тетіктер мен тәуелсіз БАҚ арқылы талап-тілектерін еркін жеткізе алады. Оларға «осы игіліктерді бірінші орнатып, әділ сайлау жүйесін кейінге ысырайық» деп көріңіз. Ешқайсысы келіспейді. Өйткені демократия... http://bit.ly/brgFIW


286
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться