Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   «Қарабах күнделігінің» авторы Эйнулла Фатуллаев тағы екі жарым жылға сотталды

«Қарабах күнделігінің» авторы Эйнулла Фатуллаев тағы екі жарым жылға сотталды

rss Азаттық Радиосы 8 июля 2010
Азаттық Радиосы
 

 

 
Әзірбайжандық журналист Эйнулла Фатуллаев сот залында. Баку, 17 маусым 2010 жыл.

Әзірбайжандық журналист Эйнулла Фатуллаев сот залында. Баку, 17 маусым 2010 жыл.

08.07.2010
Талғат ДҮЙСЕНБЕК

Әзірбайжан журналисі Эйнулла Фатуллаевқа үшінші сот үкімі шығарылды. Түрмеде отырған оппозициялық газеттің редакторы енді есірткі сақтады деп айыпталды.


ТҮРМЕДЕ ТАБЫЛҒАН ГЕРОИН

«Реальный Азербайджан» оппозициялық газетінің редакторы Эйнулла Фатуллаевқа қатысты сот үкімі сейсенбі күні шықты. Бакудегі Гарадаг аудандық соты журналисті заңсыз есірткі сақтаған деген айып бойынша кінәлі деп тауып, 2 жыл 6 айға соттады. Ал прокурор болса айыпталушыны үш жыл бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

2009 жылы желтоқсанның аяғында түрмедегі Эйнулла Фатуллаевтан 0,22 грамм героин табылды деп хабарланды. Журналистің өзі есірткіні түрме жазасын ұзарту үшін әдейі тастаған дегенді айтып отыр.

Сот үкімін орындау жаза шығарылған күннен бастап күшіне енді. Осылайша үш жылдан бері қамауда отырған Фатуллаевтың түрмеде отыру мерзімі тағы да созылды.

Фатуллаевтың адвокаты Исахан Ашуров... http://bit.ly/aMGSzh


210
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться