Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Талғат Айтбайұлы: Билік бала тәрбиесіне мән бермей отыр

Талғат Айтбайұлы: Билік бала тәрбиесіне мән бермей отыр

rss Азаттық Радиосы 9 июля 2010
Азаттық Радиосы
 

 

 
«Жыл он екі ай» журналының бас редакторы, жазушы Талғат Айтбайұлы Азаттық радиосының Алматыдағы бюросында. 31 мамыр 2010 жыл.

«Жыл он екі ай» журналының бас редакторы, жазушы Талғат Айтбайұлы Азаттық радиосының Алматыдағы бюросында. 31 мамыр 2010 жыл.

09.07.2010
Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ

Балалардың сүйікті басылымына айналған «Жыл он екі ай» журналының шыға бастағанына он жыл толып отыр. Үкіметтен бір тиын алмай аталған басылымды өз қаражатына шығарып келе жатқан жазушы Талғат Айтбайұлы Азаттық радиосына берген сұхбатында ресми биліктің балалар тәрбиесіне мән бермей кеткенін айтады.


ЖУРНАЛДЫҢ ТАРИХЫ

– Талғат мырза, журналдың тұсауы кесіліп, алғашқы саны шыға бастағанда Азаттық радиосы өзіңізден сұхбат алып, сәт-сапар тілеген еді. Содан бері міне он жылдай уақыт зымырап өте шығыпты. Ең алдымен «Жыл он екі ай» журналын шығаруға қандай себептердің мұрындық болғанын айта кетсеңіз. 


– Оған себеп болған бір-ақ нәрсе. Ол – балалардың рухани сұранысын өтеуге байланысты туған қажеттілік. Журналды шығаруға үлкен ақынымыз, балалар әдебиетінің аса көрнекті өкілі Мұзафар Әлімбаев пен Құрманбек Толыбаев дейтін ақсақалымыз ақыл-кеңес берді.

Екеуі бір күні маған «Талғат ақыры сен баспагерсің ғой. Біреулердің кітабын шығарып жүрсің. «Жыл он екі ай» дейтін басылым бар. Бір кездері өзің оның авторы да болдың. Отыз жыл бойы кітап болып шығып келе жатқан басылымның тоқтап қалғанына он жыл толды. Сен осы істі қайта жандандырып, оны шығаруды өз қолыңа алсаң. Бұл өзі оқырманның сұранысына ие болған, талай ұрпақты тәрбиелеген басылым», – деген мағынадағы өтініш жасады.

Екі үлкен ақсақалымызбен болған әңгімеден соң мен белімді бекем буып, жабылып қалған басылымды қайта ашып, оны шығаруды қолыма алдым. Әуелгі кезде журналдың алғашқы сандарын Құрманбек Толыбаев құрастырды. Журнал 12 баспа табақ болып, жеті мың таралыммен шықты.

Шыға салысымен «Жыл екі айдың» қайтадан шыққанын естіген жұрт оны іздей бастады. Сұраныс көбейді. Осыдан соң бұл басылымды журнал ретінде тіркетіп, шығарып тұру туралы ой келді. Ақпарат министрлігіне хат жаздым. 

Сонымен бұрын жылына бір рет жарық көріп келген «Жыл он екі ай» күнпарағын, екі айда бір рет шығатын журналға айналдырып... http://bit.ly/dyF2BI


360
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться