Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   17 жыл бұрын атажұртқа оралған Нәби Ишан сотқа өкпелеп Түркияға көшіп кетпекші

17 жыл бұрын атажұртқа оралған Нәби Ишан сотқа өкпелеп Түркияға көшіп кетпекші

rss Азаттық Радиосы 12 июля 2010
Азаттық Радиосы
 

 

 

Оралман Нәби Ишан жер дауына қатысты әңгімелеп отыр. Шымкент. 1 шілде 2010 жыл.

Оралман Нәби Ишан жер дауына қатысты әңгімелеп отыр. Шымкент. 1 шілде 2010 жыл.

09.07.2010

Шымкент қаласының тұрғыны Нәби Ишанның сотқа деген өкпесі қара қазандай. 3 жылдан бері көршісімен соттасып, сот табалдырығын тоздырған азамат әділдік таппаса, қайтадан шетел асуға дайын. Айтуынша, оған тиесілі жерге көршісі дарбаза орнатқан. Ал сот Ишанның арызын дәлелсіз деп тауыпты.


Жер дауы 

Екі көрші арасындағы жер дауы осыдан 3 жыл бұрын басталған. Үйінің жанындағы 1 метр жерді өзіне тиесілі деп есептеп, сотқа арыз берген Нәби Ишан 3 жылдан бері сот табалдырығын тоздырғанын айтады. 

Ол жерді меншіктеген көршісі 4 метр дуал тұрғызып, дарбаза қойған. Арызданушының айтуынша, бұл заңсыз. Көршісі оның жерінен дарбазасын алмаса, ол 7 баласымен қайтадан шетел асуға бел буып отыр. 

– Мен әріп танымаймын. Жазу білмеймін. Ол оқыған-тоқыған. Соны пайдаланып барлық сотты сатып алып жатыр. әйелім президнт әкімшілігіне барып көмек сұраған. Нәтиже жоқ. Біз үкімет ақша бермеді, үй бермеді деп жатқан жоқпыз. нанымды әділ тауып жеймін. Осы кішкене ғана жерді алып берсін бізге. Өз жерім, өзімде тұрсын,- дейді Нәби Ишан.
Нәби Ишан әулетімен бірге үйінің ауласында тұр. Шымкент.
1 шілде 2010 жыл.
Көршісі Галиф Тажидинов дарбазаны заңды түрде қойғызғанын айтады. Шымкент қалалық Еңбекші ауданының 2008 жылғы сот шешімі бойынша, талапкер Ишанның көршісінің заңсыз салынды деген құрылысын бұзу туралы шағымы қанағаттандырылмаған. Екі үйдің арасындағы 1 метр жер – мемлекетке тиесілі. Сондықтан, Тажидиновпен соттасауға тек мемлекет қана құқылы, делінген сот шешімінде.

– Сот органдары бар. Сот орындаушылары бар. Қолымда сот шешімі бар. Бұл мәселеге байланысты мен де шаршадым. Сот менің әрекетімнен заңсыздық тапқан жоқ. Қалай болған күннің өзінде, мен дарбазамды бұзбаймын. Тұрғаны тұрған. Мен жұмыс істейтін адаммын. Мүмкіндігім де мол, — деді Галиф Тажидинов Азаттық тілшісіне.

Осыдан кейін Нәби Ишан... http://bit.ly/a6GIz1


259
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться