Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Журналистерді қорғау комитеті Рамазан Есіргеповті түрмеден босатуға шақырды

Журналистерді қорғау комитеті Рамазан Есіргеповті түрмеден босатуға шақырды

rss Азаттық Радиосы 12 июля 2010
Азаттық Радиосы
 

 

 

«Алма-Ата инфо» газетінде Жамбыл облыстық ҰҚК департаментінің қызметтік хаттары негізінде жарияланған атышулы мақала үшін Рамазан Есіргепов түрмеге қамалды. 21 қараша 2008 жыл.

«Алма-Ата инфо» газетінде Жамбыл облыстық ҰҚК департаментінің қызметтік хаттары негізінде жарияланған атышулы мақала үшін Рамазан Есіргепов түрмеге қамалды. 21 қараша 2008 жыл.

09.07.2010
Кенжебек НҰРҚАСЕНҰЛЫ

Халықаралық журналистерді қорғау комитеті Тараз түрмесінде аштық жариялап жатқан Рамазан Есіргеповтің жағдайына алаңдайтынын айтып, Қазақстан билігін оны түрмеден тезірек босатуға шақырды. Жұма күні түрмеде журналистпен адам құқын қорғаушы Руслан Халидов пен арнайы прокурор кездесті.


АДАМ ҚҰҚЫН ҚОРҒАУШЫМЕН КЕЗДЕСУ

Тараз түрмесінде аштық жариялап жатқан журналист Рамазан Есіргеповпен шілденің 9-күні түстен кейін адам құқын қорғаушы Руслан Халидов арнайы прокурордың қатысуымен кездескені Азаттық радиосына мәлім болды. Осы кездесу кезінде Азаттық тілшісі телефон арқылы байланысқан Руслан Халидов Рамазанның хал-жағдайына байланысты жалғыз ауыз сөз ғана айтып үлгерді.

– Денсаулығы бірқалыпты, қазір міне менің көзімше прокурормен сөйлесіп жатыр, – деді Руслан Халидов.

Рамазан Есіргеповтың зайыбы Раушанның айтуынша, бейсенбі күні Тараз түрмесіндегі жазасын өтеп жатқандардың хал-жағдайын білуге
«Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов сот үкімі шыққан күні. Тараз, 8 тамыз, 2009 жыл.
барған адам құқын қорғаушы Руслан Халидов сол жерде Рамазан Есіргеповты кездейсоқ кездестіріпті. Тұтқынның төсіндегі жазудан оның кім екендігін білген соң Рамазан Есіргеповпен тілдеспей кетпейтіндігін айтып, онымен жолығуға мүмкіндік беруді сұраған Халидовтың өтінішіне алғашында қарсы болған түрме әкімшілігі, ақыр соңында, оларды кездестіріп, екеуара бір сағаттай сөйлесіпті.

«Мен бүгін таңертең Халидовпен өзім де сөйлестім, ол Рамазанның түрмеде аштық жариялағандығын және ол жөнінде басшылықты жазбаша түрде ескерткенін растады. Ал бірақ түрме басшылығы әлі күнге дейін Рамазанның аштық жариялап жатқанын жоққа шығарумен келеді», – деді Раушан Есіргепова... http://bit.ly/9FNdbp


304
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться