Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Украиналық чекистер КГБ-ның қуғын-сүргін тәжірбиесін қайта жаңғыртты

Украиналық чекистер КГБ-ның қуғын-сүргін тәжірбиесін қайта жаңғыртты

rss Азаттық Радиосы 12 июля 2010
Азаттық Радиосы
 

 

 

Наразылық білдіру еркіндігі туралы талаппен тұрған әйелдер ұйымының белсендісі Украина қауіпсіздік қызметі ғимаратының алдында тұр. 23 маусым 2010 жыл.

Наразылық білдіру еркіндігі туралы талаппен тұрған әйелдер ұйымының белсендісі Украина қауіпсіздік қызметі ғимаратының алдында тұр. 23 маусым 2010 жыл.

12.07.2010

Украина басқаша ойлаушыларды қауіпсіздік органдарының көмегмен қуғындау жөнінен постсоветтік аймақты қуып жетуге бет бұрды. Орталық Азия ондай тәжірбие жағынан алға ұзап кеткен. Ал Қазақстан КГБ әдістерінен ажырамаған да еді.


ӘУЕЖАЙДАҒЫ ТҰТҚЫНДАУ

Украинадағы оқиғалар тізбегі украиндік чекистердің қайта дүниеге келу үстінде екенін дәлелдейді. Мүмкін олар бұрыннан сақталып келе жатқан шығар, кім білсін?

Бұрын Украина қауіпсіздік қызметінде (УҚҚ) жоғары лауазымды қызмет атқарған екі генерал-лейтенант Александр Скипальский мен Александр Скибинецкий Украинаға НКВД мен КГБ заманы қайта орнауда деген тұжырым жасап отыр.

УҚҚ төңірегінде болған соңғы дау оның Киев әуежайында Конрад Аденауэр атындағы неміс қорының украинадағы өкілдігінің жетекшісі Нико Лангені тұтқындап, он сағатқа бөгегенінен шыққан болатын. Александр Скипальскийдің ойынша арнаулы қызмет Нико Лангені тұтқындап, қазіргі биліктің үдесінен бір шығып қалуды көздеген, өйткені неміс қорының өкілі Украина президенті Виктор Януковичтің
Янукович мырзаны сынап жатқанын көріп қалған да, президентке бір сыйлық жасайық деп ойлаған ғой. Бұл өткен заманға тән іс.
саясатын сынаған болатын.

«Янукович мырзаны сынап жатқанын көріп қалған да, президентке бір сыйлық жасайық деп ойлаған ғой. Бұл өткен заманға тән іс», – дейді генерал Александр Скипальский.

Оның әріптесі, УҚҚ төрағасының бұрынғы орынбасары Александр Скибинецкий қалай болғанда да елдің аумағына кіруге тыйым салу – бұл УҚҚ басшылығының ісі дейді.

УҚҚ баспасөз қызметі генералдардың мәлімдемесіне орай түсіндірме жасаудан бас тартты. Скипальский мен Скибинецкий көп ұзамай оппозициялық қызметке қатысы барларды түгел қуғындау басталатынына сенімді екенін білдірді.

Украинадағы билік өзгеріп, Виктор Янукович президент бола салысымен-ақ УҚҚ совет заманындағы арнаулы қызмет тәжірбиесін қайта тірілтеді деген мазасыздық пайда болды.

Үлкен жанжалдың бірі мамыр айында Львовта болды. Украиналық католиктік университеттің ректоры Борис Гудзяк... http://bit.ly/aq3eHV


298
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться