Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Роза Отунбаева – Орталық Азиядағы тұңғыш әйел президент

Роза Отунбаева – Орталық Азиядағы тұңғыш әйел президент

rss Азаттық Радиосы 13 июля 2010
Азаттық Радиосы
 

 

 
Қырғызстан президенті қызметіне кіріскен Роза Отунбаева ант беріп тұр. Бішкек, 3 шілде 2010 жыл.

Қырғызстан президенті қызметіне кіріскен Роза Отунбаева ант беріп тұр. Бішкек, 3 шілде 2010 жыл.

13.07.2010
Сұлтан Хан АҚҚҰЛҰЛЫ

«Азат Еуропа»/«Азаттық» радиосының Қазақ редакциясы ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысқан сарапшылар Роза Отунбаева феномені жайында пікір таластырды. Орталық Азияның өзге авторитарлық елдерінде әйел адамның президент болуы мүмкін бе?

«Азат Еуропа»/«Азаттық» радиосының Қазақ редакциясы өткізген дөңгелек үстелге қатысқандар: Тоқтайым Уметалиева – екі рет Қырғызстан президенттігіне үміткер болған қоғам қайраткері;Тәжігүл Бегмедова – саяси эмигрант, адам құқын қорғаушы, Түркіменстандағы Хельсинки комитетінің президенті (Болгария); Дилором Исхакова – өзбек құқық қорғаушысы, журналист, ақын (Өзбекстан); Розлана Таукина - «Журналистер қауіп-қатерде» адам құқын қорғау ұйымының президенті, «Общественная позиция» тәуелсіз газетінің бас редакторы (Қазақстан). 

Дөңгелек үстелдің модераторы – «Азат Еуропа»/«Азаттық» радиосы Қазақ редакциясының қызметкері Сұлтан-Хан Аққұлыұлы

ЕРЛЕР ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЕТЕГІНЕ ТЫҒЫЛАДЫ 

Жүргізуші: 

– Қырғызстан еріксіз Орталық Азия аймағына жат ерекше құбылыстар мен дәстүрдің заң шығарушысына айналып отыр. Билік басына әйел келгенге дейін бұл елді 2005 жылы «Раушан төңкерісі» дүр сілкіндірді, аймақ тарихында бірінші болып суперпрезиденттік басқару формасынан парламенттік басқару жүйесіне ауысты, ал осы дүрбелеңдермен сабақтасқан қанды қақтығыстар – ел тарихының ең бір күңгірт тұсы болды. 

Сонымен, Уақытша үкіметтің басшысы қызметіндегі Роза Отунбаева 2010 жылдың 3 шілдесінде ресми түрде Қырғызстан президенті қызметіне кірісті. Сірә, Орталық Азиялық тұңғыш рет билік басына әйел адамның келгені осы болар. Мәдениеті, тілі мен діні туыс түркі елдері үшін де бұл — өмірде болмаған жаңалық.

Мемлекет президентінің әйел адам болуы болашақта Орталық Азия үшін... http://bit.ly/9d9zqh


279
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться