Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Шымкент ауруханасында балаларға жұққан ВИЧ дерті СПИД-ке ұласты

Шымкент ауруханасында балаларға жұққан ВИЧ дерті СПИД-ке ұласты

rss Азаттық Радиосы 22 июля 2010
Азаттық Радиосы
 

 

 
СПИД дертіне қарсы күрес белгісі. Көрнекі сурет.

СПИД дертіне қарсы күрес белгісі. Көрнекі сурет.

21.07.2010
Үкілі-ай БЕСТАЙ

СПИД дертіне ұласатын ВИЧ жұқпалы вирусы бүгінде әсіресе Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда өршіп отыр. Бұл туралы Венада өтіп жатқан халықаралық жиында айтылды. Ал Оңтүстік Қазақстанда ВИЧ жұқтырған 220 сәбидің 55-інде енді СПИД дерті анықталған.


ҚАЗАҚСТАНДА 15 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ВИЧ ДЕРТІМЕН АУЫРАДЫ

Қазіргі кезде басқа елдерге қарағанда, Орталық Азия «қорғаныш иммунитеті тапшылығы» ауруы кең етек жайған ең қауіпті аймақ болып отыр, бұл дабыл қағарлық жағдай делінген БҰҰ балалар қорының сейсенбі күні жарияланған баяндамасында.

ЮНИСЕФ қорының хабарына қарағанда, 2006 жылдан бері Ресейдің нақты бір аймақтарында СПИД дертіне әкелетін ВИЧ инфекциясын 
жұқтырғандар 700 пайызға өскен. Украинада бұл көрсеткіш бұрынғымен салыстырғанда 1,6 пайызға ұлғайған.

Қазақстан аймақтағы халқының саны ең аз ел болғанына қарамастан, мұнда ВИЧ дертін жұқтырғандар саны көбейіп келеді.

СПИД дертінің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың деректері бойынша, биылғы шілде айының басында Қазақстанда ВИЧ дертімен тіркелгендер саны 14812 адам болған. Ал СПИД ауруына шалдыққан 1102 науқастың 66-сы 14 жасқа дейінгі балалар.

ЮНИСЕФ қорының баяндамасында Ресей мен Украинада ВИЧ дертімен тіркелген балалардың көпшілігі тастандылар екені айтылған... http://bit.ly/b2Ahed


451
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться