Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Орталық Азия мен Еуропа құқыққорғаушылары арасындағы «итжығыс»

Орталық Азия мен Еуропа құқыққорғаушылары арасындағы «итжығыс»

rss Азаттық Радиосы 22 июля 2010
Азаттық Радиосы
   
Полицейлер Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алуға жиналған халықты бақылап тұр. Алматы, 17 желтоқсан 2009 жыл.

Полицейлер Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алуға жиналған халықты бақылап тұр. Алматы, 17 желтоқсан 2009 жыл.

21.07.2010

Шілденің 20-сында Астанада БҰҰ-ның есірткі саудасы мен қылмысқа қарсы күрес жөніндегі семинары өз жұмысын бастады. Ертең аяқталатын басқосуға Орталық Азия елдері мен Пәкістан, Ауғанстан және Иранның құқық қорғау орындарының жетекші мамандары қатысып отыр. Жиынға ат салысудан Өзбекстанның бас тартқаны белгілі болды.




АЗАПТАП АЛЫП АҚТАЛАДЫ 

Семинарда БҰҰ-ның есірткі саудасы мен қылмысқа қарсы күрес кеңсесінің қызметкерлері, халықаралық сарапшылар қылмысқа қарсы тұрудың қарапайым мысалдарын айтып, тәжірибе алмасумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар БҰҰ-ның халықаралық конвенцияларына сәйкес тәркілеу, мүлік пен активтерді қайтару жөніндегі ұйымдастыру орталығын құру мәселесін де қарайды.

Семинардың алғашқы күні экстрадиция мәселесіне байланысты ұлттық ерекшеліктер жайы талқыланып, анық мысалдар келтірілді.

Азаттық радиосына аса қызықты болғаны – Адам құқы жөніндегі Еуропалық комиссияның заңгері Татьяна Свешникованың сөзі. Соған байланысты көп дау шықты. Әсіресе, Орталық Азиядағы құқық қорғау орындарының қызметкерлері аянып қалмады.
Адам құқығы жөніндегі Еуропалық соттың эмблемасы. 
 
Татьяна Свешникова Адам құқығы жөніндегі Еуропалық соттың бұл аймақта «аса танымал ұйым емесін», бірақ бұл халықаралық соттың 60 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын, оның өкілеттілігін әлемнің 47 елі мойындағанын айтты.

Ол сонымен қатар Адам құқығы мен басты бостандықтарды қорғау жөніндегі Еуропалық Конвенцияның үшінші бабын бірден ауызға алып, соның арқасында халықаралық іздеу жарияланған қашқындардың көбінің өз еліне қайтарылмайтынын атап көрсетті.
 

«Азаптауға тыйым салу» деген аталатын осы бап бойынша «Ешкім азапталмауы керек, айуандық қорлыққа салынбауы керек, ары тапталып, жазаға тартылмауы керек». Іздеу жарияланған адамдар... http://bit.ly/bTlrVZ



299
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться