Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Түрмедегі заңсыздықты бейнетаспаға түсірген тұтқын асылып өлді

Түрмедегі заңсыздықты бейнетаспаға түсірген тұтқын асылып өлді

rss Азаттық Радиосы 22 июля 2010
Азаттық Радиосы
   
Долинкадағы AK 159/6 түрмесі. Қарағанды облысы, 21 мамыр 2010 жыл.

Долинкадағы AK 159/6 түрмесі. Қарағанды облысы, 21 мамыр 2010 жыл.

21.07.2010
Мәншүк АСАУТАЙ

Қарағанды облысы Долинка түрмесінде өткен айда интернетте пайда болған даулы бейнежазбаға қатысты бар жазасын өтеуші Максим Кожанов санитарлық бөлімде асылып қалды. Колония басшысының айтуынша наразылық шарасына қатысқан Кожанов қосымша жаза алудан қорқып өзіне қол жұмсауға барған.

ҚОСЫМША ЖАЗА АЛУДАН ҚОРҚЫП… АСЫЛЫП ӨЛУ

АК159/6 қатаң тәртіптегі түрмеде жазасын өтеп жатқан Максим Кожанов – мамыр айында интернетке шығып кеткен даулы бейнетаспаны түсірген. Әуесқой бейнематериалда сотталушы Евгений Курамшинді колония қызметкері ұрып жатыр. Кожанов колония ішіндегі санитарлық бөлімде асылып өліпті. Колония басшысы Қайдар Сариннің айтуынша даулы бейнетаспаға қатысы болған сотталушы қосымша жазаға ұшыраудан қорқып өзіне-өзі қол жұмсауы мүмкін.

— Сотталушы Қожанов бейнетаспа шыққаннан кейін, өз ішін тіліп тастағандардың арасында болған. Оларға бұл істері үшін жаза белгіленуі тиіс. Денесін жарақаттаған 5 адамның барлығы Шахтинск ауруханасында ем қабылдағаннан кейін, түрмеге қайтарылды. Денсаулығына байланысты Қожанов санитарлық бөлімге жатқызылды. Ол сол жерде өзіне берілетін қосымша жазадан қорыққанан асылып өлді. Арнайы келген тексеру мен комиссияның қортындысы бұл жайтты – суицид деп анықтама берді, — деді тілшімізге колония бастығы Қайдар Сарин. 
 

Оның сөзінше, Максим Қожановтың өзін өзі өлтіру фактісі...  http://bit.ly/9qm93T



318
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться