Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Кремль мен Лукашенко арасындағы ақпараттық айқас немен бітері әлі белгісіз

Кремль мен Лукашенко арасындағы ақпараттық айқас немен бітері әлі белгісіз

rss Азаттық Радиосы 22 июля 2010
Азаттық Радиосы
   
Ресей президенті Дмитрий Медведев пен оның артында тұрған Беларусь президенті Александр Лукашенко. Мәскеу, 3 ақпан 2010 жыл.

Ресей президенті Дмитрий Медведев пен оның артында тұрған Беларусь президенті Александр Лукашенко. Мәскеу, 3 ақпан 2010 жыл.

22.07.2010

Беларустың авторитарлы президенті мен оның бұрынғы одақтасы Кремль арасындағы қайшылық шиеленісіп барады. Александр Лукашенко туралы «Крестный батька» атты ресейлік фильм Ресей оны биліктен тайдыруы мүмкін-ау деген болжам туғызды.


«ТҰРА ТҰР, БӘЛЕМ, ЛУКАШЕНКО!»

Соңғы екі айда Мәскеу мен Минск арасында газ жанжалы өрбіген еді. Енді, міне, Лукашенко мен Кремль бір-біріне топырақ шашуға көшті.

Александр Лукашенко бір кезде Мәскеудің бүкіл постсоветтік кеңістіктегі ең сенімді серіктестерінің бірі еді. Бірақ соңғы жылдары ол Батыспен жылы қарым-қатынас орнатып, Грузиядағы мәскеушіл сепаратистік аймақтар – Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындамай, сонысымен бірге ресейлік газ бағасын арзандатуды талап етіп, ресми Мәскеудің қытығына тие бастады.
 

Беларусь президентінің осындай қылықтарынан бүгінде Кремльдің төзімі таусылғаны аңғарылады. «Газпром» компаниясының иелігіндегі НТВ телеарнасы биылғы шілде айының 4-і күні Александр Лукашенко туралы «Крестный батька» атты екі бөлімді деректі фильмнің бірінші бөлімін эфирге шығарды... http://bit.ly/9UHdWP



243
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться