Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Темір таяғы тебендей, темір етігі теңгедей болған көштің зары

Темір таяғы тебендей, темір етігі теңгедей болған көштің зары

rss Азаттық Радиосы 23 июля 2010
Азаттық Радиосы
   

 

22.07.2010
Есенгүл КӘПҚЫЗЫ

Жақында Алматыда жазушы Жәди Шәкенұлының «Қаралы көш» («Тұран» баспасы, 2010 жыл) атты тарихи-көркем романының тұсаукесері болды. Бұл кітап 1952-54 жылдары қазақтың Түркияға ауған сапарын баян қылады. Алтай қазақтарының Тибет пен Такламаканды кесіп өтіп, Гималай асқан азапты жолы шынайы суреттелген.


1938 жылы Қытайдың Шыңжаң өлкесінен ауған қазақтар Тибет, Такламаканды басып өтіп, Гималайдың күн сүйген жоталарын асып, Үндістан, Пәкістанға жетіп, онда оншақты жыл өмірін өткізіп, 1953 жылы Түркияға жеткен болатын. Көш куәгерлерінің айтуынша, Алтайдан басталған сол көште ту баста 18000 адам болса, Түркияға небәрі 1500 адам жеткен екен.

«ШЫНАЙЫ ШЫНДЫҚТЫҢ ШЫРАЙЫН АШТЫМ»

Қазақтың қилы тарихы бүгінде қарапайым көпшіліктің санасына әлі толық жете қойған жоқ. Әсіресе, төрткүл дүниеге таралған шеттегі қазақтың басынан кешкендері жайлы тым сараң айтылады. «Қаралы көш» кітабы туралы авторы Жәди Шәкенұлы кітаптың жазылу туралы былай баяндайды:
 

— Қазақтың «Елім-айлап» өткен тарихынан таратып, қандыбалақ ақтабан шұбырынды болған кездері аз емес. Соның бір тарауы және қанды парағы – халықтың Алтайдан Анадолыға дейін босқан қанды тарихы, яғни бүгінгі Еуропа қазақтарын қалыптастыруға себепкер болған 1930-1940 жылдар аралығындағы шыңшысайлық қырғын салдарынан Гималай асып, Такламаканды кесіп өтіп, Алтайдан Анадолыға дейін босқын болған халықтың тарихы. Бұл әдебиетімізде бұған дейін көбірек айтылып жүрген тақырып болғанымен... http://bit.ly/ch4tZs



281
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться