Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   ЕҚЫҰ полиция күштері Оңтүстік Қырғызстанға кіретін болды

ЕҚЫҰ полиция күштері Оңтүстік Қырғызстанға кіретін болды

rss Азаттық Радиосы 23 июля 2010
Азаттық Радиосы
   
ЕҚЫҰ-ның Бішкек кездесуі кезінде Германия сыртқы істер министрі  Гидо Вестервелле Ош тұрғындарымен кездесіп тұр. 16 шілде 2010 жыл

ЕҚЫҰ-ның Бішкек кездесуі кезінде Германия сыртқы істер министрі Гидо Вестервелле Ош тұрғындарымен кездесіп тұр. 16 шілде 2010 жыл

22.07.2010

Бейсенбі күні Бішкекте ЕҚЫҰ-ның 52 полициясының елдің оңтүстігіне кіруіне қарсы шеру өтіп жатқан кезде Венада бұл келісім мақұлданып та үлгерді. Ал Ош қаласының әкімі Мэлс Мырзахматов Азаттық радиосына берген сұхбатында халықаралық әскердің керегі жоқ деп мәлімдеді. Дегенмен әкім қалада адам құқықтары тапталып, зорлық-зомбылыққа жол берілді деген ескертулерді елеусіз қалдырды.


ЕҚЫҰ-НЫҢ КҮШТЕРІ ЖАТТЫҚТЫРУҒА БАРАДЫ

ЕҚЫҰ Венадағы кеңсесінен бейсенбі күні таратылған баспасөз-баянында ЕҚЫҰ-на мүше 56 елдің өкілдері Қырғызстанның оңтүстігіндегі қазіргі дағдарысты шешіп, этникаралық қарым-қатынасты жақсартуға көмек-қолдау көрсету үшін халықаралық күштерді жіберуге келісті деп атап көрсетілген.

Қырғыз президенті Роза Отунбаева шілденің 16-ы күні елдің оңтүстігіне ЕҚЫҰ-ның қарусыз күштерін негізінен жергілікті полицияны оқу- жаттығудан өткізу үшін орналастыру ұсынысына келісім білдірген болатын. 
Қырғыз-өзбек шекарасындағы Қарасу елді мекенінде орналасқан босқындар лагері. 23 маусым 2010 жыл

ЕҚЫҰ баспасөз-қызметінің өкілі Фрэйн Мароевич Азаттық радиосына телефон арқылы берген сұхбатында Қырғызстан оңтүстігіне осы ұйымның 50-ден астам қарусыз әскерін кіргізу мәселесі ЕҚЫҰ кеңесінің шілденің 22-і күнгі мәжілісінде дауысқа салынатындығын айтқан болатын.

Көп кешікпей-ақ өткен жұмада ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің Алматыдағы бейресми кездесуінде жарияланған бұл жоспар жүзеге асу үшін ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесі оны бейсенбі күні мақұлдап отыр.

ОШ ӘКІМІ АЙМАҚ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚОЛДАЙДЫ
 

ЕҚЫҰ Қырғызстанның оңтүстігінде жағдайды қалыпқа келтіруге және түрлі зорлық-зомбылықты болдырмауға ықпал ете алатындай ақыл-кеңес пен көмек беретін халықаралық полиция күштерін кіргізу мәселесін шешіп жатқанда, Ош қаласының әкімі Мэлс Мырзахматов... http://bit.ly/aP9jhu



237
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться