Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Теннис жұлдызы Зарина Диастың қуанышы мен өкініші

Теннис жұлдызы Зарина Диастың қуанышы мен өкініші

rss Азаттық Радиосы 23 июля 2010
Азаттық Радиосы
   
Қазақ теннисшісі Зарина Диас 'Prague Open' турнирінде. Прага, 13 шілде 2010 жыл.

Қазақ теннисшісі Зарина Диас «Prague Open» турнирінде. Прага, 13 шілде 2010 жыл.

23.07.2010
Талғат ДҮЙСЕНБЕК

Чехияда тұратын 16 жастағы қазақ теннисшісі Зарина ірі «Prague Open» турниріндегі жарыстарын аяқтады – ол швейцариялық Патти Шнидерге ұтылды. Бұның қарсаңында Зарина жарақаттанып қалған еді.


ШНИДЕРГЕ ҚАРСЫ

Бұл кездесуде швейцариялық теннисшінің жеңісіне тігілген бәс басымырақ еді: Патти Шнидер WTA рейтингінде 56–шы орында болса, бұл тізімде Зарина екінші жүздіктің аяқ жағында болатын. Бірақ жанкүйерлер қазақ қызы тәжірибелі қарсыласына тойтарыс береді деп үміттенді, өйткені Зарина өткен жылы дәл осы турнирде ширек финалға дейін жеткен еді.
 

Матч басталғанда 32 жасар Патти Шнидер басымдық таныта алған жоқ, Зарина үнемі шабуыл шебінде болды, дей тұрғанмен қателіктер де жетерлік еді. Алтыншы геймде Заринаның қимылы сәтсіздеу шығып, бақталасы есеп айырмасын ұлғайтты. 5:3 есебімен Шнидер бірінші сетті алу үшін доп беруге шыққан еді, бірақ осы сәтте Зарина табандылық танытып... http://bit.ly/cFr9Lc



229
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться