Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   «Полицейлерді сабаған» деген айыппен оппозиционерлерді түрмеге тоғыта бастады

«Полицейлерді сабаған» деген айыппен оппозиционерлерді түрмеге тоғыта бастады

rss Азаттық Радиосы 26 июля 2010
Азаттық Радиосы
 

 

 
Оппозиция белсендісі Ермек Нарымбаевты полицейлер сот залына әкеле жатыр. Алматы, 2 мамыр 2010 жыл.

Оппозиция белсендісі Ермек Нарымбаевты полицейлер сот залына әкеле жатыр. Алматы, 2 мамыр 2010 жыл.

26.07.2010
Сұлтан Хан АҚҚҰЛҰЛЫ

Қазақстан оппозицияның екі белсендісін «полицияға қарсылық көрсетті» және «соттың абыройына нұқсан келтіретін сөздер айтты» деген айыптармен түрмеге отырғызып қойды. Бұл ежелгі әдіс пе, әлде ЕҚЫҰ-ның саммиті қарсаңындағы биліктің «жағымпазданбайтындармен» күресудегі жаңа тенденциясы ма?

Бұл сұрақтар Азаттық радиосында өткен дөңгелек үстелдің қатысушыларына қойылды. Дөңгелек үстелге Қазақстан адам құқығы жөніндегі бюросының қызметкері, тәуелсіз журналист Андрей Гришин, оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин, «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бас хатшысыӘміржанҚосанов, «Қазақстан социалистік қарсылығы» қозғалысының басшысы Айнұр Құрманов қатысты.

Дөңгелек үстелді «Азат Еуропа/Азаттық» радиосы Қазақ редакциясының қызметкеріСұлтан-ХанАққұлыұлы жүргізді. 

ӘБІЛОВ ПЕН ФУРАЖКА

Жүргізуші: 

– «Арман» қозғалысының басшысы Ермек Нарымбаевқа маусым айында «тәртіп сақшыларына қарсы күш көрсеткен» әрі «соттың абыройына нұқсан келтіретін сөздер айтқан» деген айып тағылып, ол төрт жыл түрмеге кесілді. Тағы бір мысал, шілдеде ақтөбелік оппозициялық саясаткер Айдос Садықов та «бұзақылық жасаған» және «тәртіп сақшыларына қарсылық танытқан» деген айыппен екі жылға бас бостандығынан айрылды.

Қазақстанның саяси аренасындағы соңғы оқиғалар – билікке жақпаған саясаткерлерге қарсы біртүрлі әдістер биліктің жаңа қолтаңбасын байқатты. Оған мысалы, «Қазақстанның социалистік қарсылығы» қозғалысының басшысы Айнұр Құрмановтың бірнеше рет «рұқсат етілмеген шерулерді ұйымдастырды әрі соған қатысқан» деген айыппен он бес тәулікке қамалғанын айтуға болады. Бұл айып бұған дейін де... http://bit.ly/bM8HQz


237
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться