Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Ресейдегі құрғақшылық әлемде бидай тапшылығына әсер етті

Ресейдегі құрғақшылық әлемде бидай тапшылығына әсер етті

rss Азаттық Радиосы 27 июля 2010
Азаттық Радиосы
 

 

 
Бидай масағы. Көрнекі сурет.

Бидай масағы. Көрнекі сурет.

26.07.2010

Биыл Ресейде соңғы жүз отыз жыл ішіндегі ең қатты қуаңшылық болып отыр. Ол көлемі жағынан Португалияның жер аумағына пара-пар егіс алқабындағы егінді тып-типыл етті. Бидай бағасы қымбаттап кетті. Күзде халықаралық нарықта бидай тапшы болады деген болжам бар.



ЖАЗҒЫ АПТАП ПЕН БИДАЙ ТАПШЫЛЫҒЫ

Көлеңкедегі ауа температурасы Цельсий бағаны бойынша қырық градусты көрсеткен аптап Мәскеуден бастап Тынық мұхитқа дейінгі аралықта жатқан Ресейдің барлық аймағын шарпып өтті, деп хабарлайды «Рейтер» агенттігі.

Астық өндіретін жиырма үш аймақта төтенше жағдай жарияланды. Бұлардың қатарына Ресейдің орталық өңірі, Волга өзені бойындағы облыстар, Сібір аймағы, тағы бірқатар облыстар енеді.

Ресей Еуропадағы бидай өндіретін ең ірі мемлекет болып саналады.

Алайда, тоғыз миллион гектардан астам жердегі егін биылғы аптап ыстық пен қуаңшылық салдарынан толық жойылып кетті. Ресей астық одағының мәліметіне қарағанда, бұл 2010 жылы астық себілген барлық жер көлемінің бестен бір бөлігін құрайды.

Ресейдің экспортқа шығаратын негізгі ауыл шаруашылық өнімі – кәдімгі бидай құрамының 11,5 пайызы протеиннен тұрады. Ресейдің Қара теңіздегі басты экспорттық порты... http://bit.ly/aCcwS1


543
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться