Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Көкірек көзі қос жанарын жоқтатпас...

Көкірек көзі қос жанарын жоқтатпас...

rss Азаттық Радиосы 27 июля 2010
Азаттық Радиосы
 

 

 
Исламдық архитектура. Көрнекі сурет.

Исламдық архитектура. Көрнекі сурет.

26.07.2010
Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Ахмед Йүгінеки – «Ақиқат сыйы» атты дастанның ауторы. Бәлкім оның қаламынан басқа да шығармалар туындаған болар. Алайда, заманалар тегеурініне төтеп беріп, бүгінгі күнге жеткені – осы «Ақиқат сыйы» ғана.


ТҮРКІНІҢ ТӨРЕСІ

Аутор өз тұсында, Қараханидтер мемлекетінде өмір сүрген түркі тектес халықтар тілінде жазғанына қарамастан, шығармасына «Хибатул-хақаиқ» деп арабша ат берген екен. 

Йүгінеки-өз дәуірінде айтарлықтай мәшһүр болған ақын. Оның осынау даңқына дәлел ретінде мынандай өлең жолдары сақталған:

Ақындардың ақыны, даналардың көшбасы,
Гауһардан сөз теретін, одан ешкім озбады.

Оның өмір жолы жайлы деректер де там-тұмдап қана сақталған. Негізінен аталған дастан жолдарында, әсіресе «Ақиқат сыйының» қортынды бөлімінде аутор өзі туралы:

Ахмед Әдиб – атым, үлгі – сөзім,
Қалады мұнда сөзім, кетем өзім,
Күз келер, жаз да кетер, өмір де өтер,
Сонымен жұмыларда екі көзім,-дейді. http://bit.ly/9XULpv


411
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться