Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Қырғызстанның оңтүстігіндегі ұлтаралық түйткіл түйіні шешілмей тұр

Қырғызстанның оңтүстігіндегі ұлтаралық түйткіл түйіні шешілмей тұр

rss Азаттық Радиосы 27 июля 2010
Азаттық Радиосы
 

 

 

 

26.07.2010

Қырғыз елінің оңтүстігінде 300-ден астам адам құрбан болған этникалық қақтығыстан бері қырық күннен асты. Мұндағы этникалық өзбектер мен қырғыздардың жарастығын қалпына келтірудің кейбір қадамдары да жасалды. Дегенмен де жергілікті тұрғындардың қалыпты өмірге оралуын қиындататын келеңсіз жайттар азаймай тұр.


ҚАЛЫПТЫ ТІРШІЛІКТІҢ АЗ-КЕМ СӘУЛЕСІ

Маусымдағы қақтығыстардың орталығы болған Ош қаласына жан бітіп, тіршілік орнына түсіп келеді, көшелерде көлік қозғалысы, тіпті кептелісі де байқалып қалды. Кейбір аумақтарда тұрғындар өртеніп, орны ғана қалған баспаналарын қайта қалқайтып жатыр. 

Десе де, қара қошқыл түтіннің иісі әлі де мұрныңызға келеді, бұзылған құбырлардан сыртқа ағып жатқан суды, қираған үйінің ауласына тігілген шатырларда отырған жұртты да жиі көресіз.
Қабырғадағы жазу. Ош, 15 шілде 2010 жыл

Маусым айында этникалық өзбектер мен жергілікті қырғыздар арасындағы қақтығыстан 300-ден аса адам қаза тауып, жүздеген мың тұрғын баспанасыз қалып, талай ғимарат қирады. Үкімет қос қауымдастық арасындағы бұрынғы сенім-сыйластықты қалпына келтіру үшін қажет шараның бәрін де жасаймыз деп айтқан болатын. 

Алайда бір айдан асып кетсе де, жандарына жара, қабақтарына кірбің түскен бір қаладағы екі топтың өзара сенім тұғыры нығая қоймаған.
Есесіне түрлі айыптаулардың айтылуы, әлдекімдердің жоқ болып кетуі, күшпен ұрлануы сияқты жайттардың жалғасуы екі жақты да ширықтырып отырғандай.

Өткен айдағы құрбандардың басым көпшілігі... http://bit.ly/bFdaFW


250
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться