Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Хиджабтан бас тартуы ирандық журналист әйелдің тағдырын өзгертті

Хиджабтан бас тартуы ирандық журналист әйелдің тағдырын өзгертті

rss Азаттық Радиосы 27 июля 2010
Азаттық Радиосы
 

 

 
Ирандық журналист әрі әйелдер құқығын қорғаушы Фариба Давуди Мохаджер. Теһран қаласы.

Ирандық журналист әрі әйелдер құқығын қорғаушы Фариба Давуди Мохаджер. Теһран қаласы.

27.07.2010
Үкілі-ай БЕСТАЙ

Ирандық белгілі журналист, әйелдер құқығын қорғаушы Фариба Давуди Мохаджер хиджабты 13 жасынан кие бастаған. 25 жылдан кейін ол өз елінде әйелдерді шектейтін бұл киіммен тек қоғамдық ортада ғана жүруге бел байлаған. Қазір АҚШ-та тұратын Давуди Мохаджер «Азат Еуропа/Азаттық» радиосына сұқбат берген еді.



ОРАМАЛДАН БАС ТАРТУ

25 жыл бойы хиджаб киген ирандық әйел құқығын қорғаушы әрі журналист Фариба Давуди Мохаджер 2006 жылдың қысында өзінің бас орамалын теңізге лақтырып тастаған. 

Ирландияда өткен бұл күннің әрбір сәті оның есінде сақталып қалыпты. Фариба бірнеше сағат бойы Дублиндегі теңіз жағасында жаяулап жүріп, хиджабын біржола қалай шешіп тастау керектігін ойластырып, толқынға ағып кеткен орамалынсыз өзінің қалай көрінетіндігін көзге 
Бір сәт мен бұл әлемде шашыңның самал желді сезінгенінен үлкен ләззат жоқ екен деп түсіндім.
елестетумен болғанын айтады. 

Оның есінде тіпті бірінші рет самал желді шашының қалай сезінгені қалған. 

«Бір сәт мен бұл әлемде шашыңның самал желді сезінгенінен үлкен ләззат жоқ екен деп түсіндім». 

13 жасынан хиджаб киген Фарибаға Ирандағы ислам заңдары бойынша бұл киім үлгісі шектеу мен әділетсіздік нышаны сияқты көрінді. 

1979 жылғы Ислам төңкерісінен кейін иран әйелдері үшін хиджаб кию міндетті болды. Бұл мемлекеттік киім үлгісін кимеген мыңдаған әйел қамауға алынып, хиджаб киюге келіспегендерін... http://bit.ly/bguJNS


217
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться