Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Қырғыз бен өзбек арасындағы шиеленіс Мәскеуге жетті

Қырғыз бен өзбек арасындағы шиеленіс Мәскеуге жетті

rss Азаттық Радиосы 29 июля 2010
Азаттық Радиосы
 

 

Ресей милиционері метро стансасын тінтіп жүр. Мәскеу, 30 наурыз 2010 жыл

Ресей милиционері метро стансасын тінтіп жүр. Мәскеу, 30 наурыз 2010 жыл

28.07.2010

 
 
 
Мәскеу қаласында Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген еңбек мигранттарының арасында жанжал туды. Екі жақ метро бекетіндегі төбелес кезінде бір-біріне өткір қару жұмсаған. Бір адам ауыр жарақат алды.

Ондаған этникалық өзбек пен қырғыздар тобы дүйсенбі күні түнде Мәскеудегі «Профсоюзная» метро бекеті маңында қақтығысып қалды. Төбелес кезінде пышақталған бір азамат ауруханаға жеткізілген.

Қырғыз Республикасының Мәскеудегі елшілігінің атташесі Алмаз Абдишаев «Азат Еуропа/Азаттық радиосы» қырғыз қызметіне, төбелесті ұйымдастырған деген айыппен төрт кісі ұсталғандығын хабарлады.

Ресей астанасында өзбектер мен қырғыздар бірінші мәрте төбелесіп отырған жоқ. Дәл осындай ұлтаралық сипаттағы қақтығыс осыдан бір ай бұрын Қазан вокзалына жақын маңда тіркелген еді.

Ресейде Орталық Азия мемлекеттерінің жүздеген мың еңбек мигранттары бар.
 

Мәскеудегі бұл тәртіпсіздік маусым айында... http://bit.ly/bksnha



292
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться