Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Евгений Жовтис: «Бостандыққа шықсам, Советтер Одағына қайта барғым келмейді»

Евгений Жовтис: «Бостандыққа шықсам, Советтер Одағына қайта барғым келмейді»

rss Азаттық Радиосы 5 августа 2010
Азаттық Радиосы
   
Адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 10 ақпан 2009 жыл.

Адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 10 ақпан 2009 жыл.

05.08.2010

Осыдан бір жыл бұрын Алматы облысы Бақанас ауданындағы жол-көлік оқиғасынан соң құқық қорғаушы Евгений Жовтис түрмеге қамалған еді. Ол Азаттық радиосына телефон арқылы берген сұқбатында қоныс-колониядағы жағдайын әңгімелеп, Қазақстандағы саяси ахуалға қатысты ой-пікірін білдірді.


Былтыр шілденің 26-сы күні Ақдала ауылы маңындағы Қараой – Алматы тас жолында Қазақстан адам құқықтары жөніндегі бюросының жетекшісі Евгений Жовтис айдап келе жатқан автокөлік жол-көлік оқиғасына тап болып, апат салдарынан жаяу жүргінші Қанат Молдабаев қаза тапқан еді.

Алматы облысының Балқаш аудандық соты Евгений Жовтисті Қанат Молдабаевтың өліміне кінәлі деп тауып, төрт жылға бас бостандығынан айырды. Белгілі құқық қорғаушыға қатысты сот процесінде заң талаптары өрескел бұзылды деп мәлімдеген демократиялық қауымдастық өкілдері Жовтиске шығарылған үкімнің саяси астары бар деген пікір ұстанады.

«МЕНІ ОҚШАУЛАП ҰСТАП ОТЫР»

– Жовтис мырза, Өскемен колониясындағы жағдайыңыз қандай?

– Бұл жартылай ашық түрдегі тәртіптік мекеме. Мұнда байқаусызда қылмыс жасаған, яғни, жеңіл және орташа ауыр қылмыс жасап сотталған адамдар отыр.

Сотталғандар мұнда мекемеден тыс жерде жұмыс істеуге, жұмыстарына өздігімен баруға құқылы. Олардың жалғыз міндеті – жұмысқа таңертең барып, одан уақытында оралуы керек. Сенбі және жексенбі күндері олар рұқсат қағазбен бостандыққа, қалаға шыға алады. Бұған қоса, олар отбасыларымен бірге тұруға құқылы. Жартылай ашық түрдегі мекеменің қатаң тәртіптегі, жалпы тәртіптегі және айрықша тәртіптегі колониялардан басты айырмашылығы – осылар.
 

Мен осы атап шыққан жайттардың барлығынан да қағылып отырмын. Колония қызметкерінсіз жалғыз өзімді колония аумағынан тыс жерге аттап басқызбайтыны да маған түсініксіз. Маған колониядан өзге жерде жұмыс істеуіме, отбасыммен бірге тұруды айтпағанның өзінде... http://bit.ly/dd8Oq1



304
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться