Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Сарапшылар Қазақстанда советтік цензураны түрмеге қамау қаупі алмастырғанын айтады

Сарапшылар Қазақстанда советтік цензураны түрмеге қамау қаупі алмастырғанын айтады

rss Азаттық Радиосы 6 августа 2010
Азаттық Радиосы
   
Оппозиция белсенділері ұйымдастырған аспаздық көрмеге қойылған бұл тағам «Өзіндік цензура» деп аталады. Талдықорған, тамыз, 2009 жыл.

Оппозиция белсенділері ұйымдастырған аспаздық көрмеге қойылған бұл тағам «Өзіндік цензура» деп аталады. Талдықорған, тамыз, 2009 жыл.

06.08.2010

Қабылданғанына биыл 15 жыл толатын Қазақстан Конституциясында цензураға қатаң тыйым салынған. Цензураның күші Горбачев тұсында жойылған еді. Міне, содан бері 20 жыл Қазақстан цензурасыз өмір сүріп жатыр. Бірақ бұл тек қағаз жүзінде ғана дейді сарапшылар.


Қазақстан Конституциясының 20-шы бабының 1-ші тармағында былай делінген: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады». Осы баптың екінші тармағына сәйкес, әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. 

1990 жылы, Михаил Горбачевтің билігі кезінде, ССРО-да цензураны ресми түрде жойған бұқаралық ақпарат құралдары туралы одақтық заң шыққаннан кейін бір жыл өткен соң Қазақстанда да дәл сондай заң қабылданған болатын. 1995 жылы тамыздың 30-ы күні бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстанның қазіргі Конституциясында да цензураға тыйым салынған. Жалпы алғанда Қазақстан цензурасыз 20 жыл өмір сүрді. 

Өзінің кезекті дөңгелек үстелінде Азаттық радиосының Қазақ редакциясы «Қазақстан: Конституция және заң бойынша цензурасыз өткен 20 жыл» тақырыбын талқылады. 
 

Пікірсайысқа журналист, Қазақстандағы БАҚ пен қоғамдық қозғалыстар шолушысы әрі тарихшысы Андрей Свиридов; Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев; БАҚ туралы алғашқы заңды қабылдап, цензураның күшін жойған Қазақстан Жоғары Кеңесінің бұрынғы төрағасы Серікболсын Әбділдин, «Республика. Деловое обозрение» газетінің шеф-редакторы, редакция алқасының төрайымы Ирина Петрушова қатысты... http://bit.ly/c6jgXe



321
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться