Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   «Қазақгейтке» қатысты Джеймс Гиффеннің сот ісі аяқталды

«Қазақгейтке» қатысты Джеймс Гиффеннің сот ісі аяқталды

rss Азаттық Радиосы 9 августа 2010
Азаттық Радиосы
   
Нью-Йорктегі федералды сот ғимараты.

Нью-Йорктегі федералды сот ғимараты.

07.08.2010
Өміржан ӘБДІХАЛЫҚҰЛЫ

Қазақстанның мұнай өндіру саласындағы келісім-шартқа қол жеткізу үшін жоғары лауазымды кейбір тұлғаларға миллиондаған доллар пара берді деп айыпталып келген АҚШ бизнесмені Джеймс Гиффеннің сот ісі аяқталды. Гиффен өзінің шетелдердегі есеп-шоттары туралы ақпаратты жасырып келгенін мойындады.


АТЫШУЛЫ ІСТІҢ АҚЫРЫ 

Ассошэйтед пресс агенттігінің жазуынша, тамыздың 6-ы күнгі Нью-Йорктің федералды сотының отырысында Джеймс Гиффен салық қызметінен өзінің шетелдердегі банктік есеп-шоты туралы ақпаратты жасырып келгенін мойындаған. Гиффенге бір жылдық түрме жазасы кесіліп, 25 мың доллар айыппұл салынуы мүмкін деп хабарлайды Ассошэйтед Пресс агенттігі. Сонымен қоса, Гиффеннің “Mercator Corporation” компаниясы 1999 жылы жаңа жылға сыйлық ретінде Қазақстанға құны 16 мың доллар тұратын қарда жүргіш екі шана сыйлап, АҚШ-тың коррупцияға қарсы заңын бұзған деп айыпталды.
 

Алғашында АҚШ прокурорлары Джеймс Гиффен мен оның компаниясы Қазақстанда мұнай саласындағы келісімдер жасау кезінде миллиондаған доллар қаржыны жымқырды деген айып таққан. Ол қаржының бір бөлігі Джеймс Гиффен мен Қазақстанның жоғары лауазымды кейбір тұлғаларының швейцариялық банктегі... http://bit.ly/dnJvoy



251
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться