Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   «Қазақ десең, өзіңе тиеді...» – 2

«Қазақ десең, өзіңе тиеді...» – 2

rss Азаттық Радиосы 9 августа 2010
Азаттық Радиосы
  БЛОГСТАН

 

09.08.2010
Блог жүргізетін достарым, таныстарым көп-ақ. Бірі Қытайда, бірі Жапонияда, бірі Кореяда жүрсе, енді бірі мұхиттың ар жағында. Дені – техникалық саланың мамандары. Бірді-екілісі нақтылы салаға маманданғандар. 

Мен солардың жазбасынан шынайылықты көремін. Оқимын да, рахаттанып күлемін! Қызықты деректер, құнды мағлұматтар аламын. Жан-жақтылығына қайран қаламын. Еңбекқорлығына сүйсінемін. Қызығушылықтары қуантады. 
 

Сөйтіп отырып кездейсоқ бір газет қолыңа түсе қалса, жаңағы көңілің су сепкендей басылады. Біздің журналистердің, оның ішіне өзім де бармын, соншалық қарабайырлығына бас шайқағаннан өзге амал жоқ. Езгілееееп, бір айтқанды жүз айту… Мылжыңдап бірдеңеге жабысып қалу… Одан қалса, «ойбай, тіл!.. дініміз, ойбай!..» деген бос айқай... http://bit.ly/cqf3ZY



232
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться