Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   «Гиффеннің ісі ың-шыңсыз жабылмақ. «Американдық путинизм» дәуірлеп тұр»

«Гиффеннің ісі ың-шыңсыз жабылмақ. «Американдық путинизм» дәуірлеп тұр»

rss Азаттық Радиосы 10 августа 2010
Азаттық Радиосы
   
Америкалық бизнесмен Джеймс Гиффен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның зайыбы Сара Назарбаевамен бірге

Америкалық бизнесмен Джеймс Гиффен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның зайыбы Сара Назарбаевамен бірге

09.08.2010

Джеймс Гиффенге қатысты сот тыңдауының қандай нәтижемен аяқталғаны туралы батыс баспасөзі әрқилы пікір білдіріп жатыр. АҚШ заңгері бұл әрекетті «үкіметтің өз мүддесін күйттеуі» десе, белгілі журналист «америкалық путинизмнің дәуірлеуі» деп бағалайды.


U.S. V. GIFFEN, 03-CR-00404, U.S. DISTRICT COURT, MANHATTAN

Тамыздың 6-ы күні Манхэттен федералдық сотында 69 жасар АҚШ бизнесмені Джеймс Гиффенге қатысты сот тыңдауы аяқталды. Уильям Паули есімді судья сот шешімін қарашаның 19-ы шығаратын болды. Сонымен қазіргі Қазақстан тарихындағы мұнай ісі бойынша үкіметтің ең атышулы шетелдік кеңесшісі болған адам ары кетсе жарты жылға сотталып, 25 мың доллар айыппұл төлеуі мүмкін. 
 

Бұған дейін Гиффенге қазақстандық жоғары лауазымды шенеуніктің, оның әйелі мен бірнеше серігінің шетелдік есеп-шоттарына америкалық мұнай компанияларының есебінен 80 миллион шамасында АҚШ долларын пара ретінде аударды деген айып тағылған еді. Бұл ақшаға қоса... bit.ly/bPuoMc



247
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться