Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   ЕЦ-166/25 түрмесінің тұтқындары өз тәндерін тілгілеп тастады

ЕЦ-166/25 түрмесінің тұтқындары өз тәндерін тілгілеп тастады

rss Азаттық Радиосы 11 августа 2010
Азаттық Радиосы
   
Түрме терезесі. Көрнекі сурет.

Түрме терезесі. Көрнекі сурет.

10.08.2010

Көкшетаудағы облыстық ауруханаға түрмеде өз тәнін тілгілеген алты тұтқын түсті. Оқиға жаппай төбелестен кейін өрістегенге ұқсайды. Бұл турасында қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілі хабарлап отыр. Ал құқық қорғаушы 250 бірдей тұтқынның өз денелерін тіліп тастағанын айтады.





Елдегі ақпарат агенттіктері тамыздың 9-ында Ақмола облысындағы Гранитный кентінде мына оқиғаға жол берілгенін хабарлады. ЕЦ-166/25 түрмесінде жазасын өтеушілер арасында кезекті мәрте төтенше оқиға болды. 

Дәрігерлер мен қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Ақмола облыстық департаменті мәліметтеріне қарағанда, Көкшетау қаласындағы облыстық ауруханаға жаппай төбелестен кейін өз денесін өздері тілгілеген алты адам түскен.

Ал Азаттық радиосының тілшісіне берген мәліметінде әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымжан Хасенов: «Жазасын өтеушілердің екі тобының арасында қақтығыс және төбелес болды,»- дейді. 
 

Оның айтуынша, денесі зақымдалғандарға медициналық көмек көрсетілген. Дегенмен аталған комитет өкілі мұндай жағдайдың үйреншікті жай екендігін айтады. Колонияларда қылмыскерлер отырғандықтан... http://bit.ly/bQYVhV



288
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться