Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Абайдың туған күні

Абайдың туған күні

rss Азаттық Радиосы 11 августа 2010
Азаттық Радиосы
 

 

БЛОГСТАН

 

11.08.2010
Кеше Ұлы Абай ақынымыздың туғанына 165 жыл толды. Әдеттегідей Алматыдағы Абай ескерткішіне жүрегімді қолыма алып жетіп бармаймын ба… Біраз адам жиналып-ақ қалған екен. Араларына ене бердім… Сөйткенімше болған жоқ, өрімдей жас үш қыз менен: 

– Алмалы ауданын қай жерде тіркеп жатқанын білмейсіз бе? – деп сұрады. 

– Тіркегені несі? – деп таңданыс білдірдім. 

Сөйтсем… Әр ауданның әкімшілігі сол жерде болуы тиіс адамдардың тізімін жасап, сол тізім бойынша келген-келмегендерін белгілеп жатыр екен. Бір жерде бір жас жігіт «Жас Отан» ұйымына өткізуім керек деп қолдан тізім жасап жатты. Біреулер келіп жазылып та жатты. Біреуі «Әуезов ауданынан 200 адам келуі керек еді» дегенді де айтып қалды. Өз аудандарын сұрап сабылып жүрген мұғалімдер мен кітапхана қызметкерлері. Оларға Абай туып жатыр ма... http://bit.ly/a3zJAY


239
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться