Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   «Гиффен мен Назарбаев ұтты, АҚШ-тың әділ сот жүйесі мен Қазақстан халқы ұтылды»

«Гиффен мен Назарбаев ұтты, АҚШ-тың әділ сот жүйесі мен Қазақстан халқы ұтылды»

rss Азаттық Радиосы 12 августа 2010
Азаттық Радиосы
 

 

 

11.08.2010

«Қазақгейт» ісі бойынша сот процесі аяқталуға жақын. Джеймс Гиффенге қатысты қандай үкім шығатыны да байқалып тұр. Атышулы істің өзге фигуранттары жазадан құтылып кетті дейді Азаттық радиосының дөңгелек үстеліне қатысқан сарапшылар.


«Қазақгейт» ісі бойынша сот процесі аяқталуға жақын. Мұнай келісім-шарттарын алу үшін Қазақстанның саяси жетекшілеріне пара берді деп айыпталған америкалық банкир және бизнесмен Джеймс Гиффен өзінің шетелдік есеп-шоттары жайындағы ақпараттарды жасырғаны үшін ғана кінәсін мойындады. 

Джеймс Гиффенді алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге түрмеге жауып, оған 25 мың АҚШ доллары мөлшерінде айып салуы мүмкін. Осыған байланысты Азаттық радиосы өзінің кезекті дөңгелек үстелін өткізеді.

Пікірталасқа шақырылғандар: Серік Медетбеков - Қазақстан оппозициясы шетелдік бюросының жетекшісі; Сергей Дуванов - тәуелсіз журналист; Расул Жұмалы - саясаттанушы; Толғанай Үмбетәлиева - Демократияны дамытудың Орталық-Азиялық қорының директоры; Брюс Панниер - «АзатЕуропа»/ «Азаттық» радиосының қызметкері.

Азаттық радиосы бұл дөңгелек үстелге ресми билік өкілдерін шақырғанын да айта кеткім келеді. Атап айтқанда, Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев пен президенттік «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ерлан Қарин шақырылды. Бірақ, президент кеңесшісі демалыстан соң жұмысқа бірінші күні ғана шыққандықтан оқиғалардан хабардар еместігін көлденең тартып, дөңгелек үстелге қатысудан бас тартты. Ал Ерлан Қарин болса қолы бос еместігін және бұл жерде пікірталасқа өзек болар ешқандай тақырыпты көрмей тұрғанын айтты.

Дөңгелек үстелді Азаттық радиосының қызметкері Сұлтан Хан Аққұлұлы жүргізеді.

АДВОКАТТАРДЫҢ ТАМАША ЖҰМЫСЫ

Жүргізуші:

— Құрметті қонақтар, Нью-Йоркте аяқталған сот тыңдауларына және Джеймс Гиффеннің немесе «Қазақгейт» ісі бойынша шығарылуы мүмкін үкімге қатысты алғашқы көзқарастар да белгілі болды. Мысалы Блумберг жаңалықтар агенттігі Лос-Анжелестік адвокат Майкл Перлистің сөзін келтіріпті. Бұл адвокат Гиффен ісі бойынша жүрген сотты АҚШ үкіметінің беделін сақтап қалу деп атапты.

Құрама Штаттардың Орталық Азиядағы энергетикалық саясаты жөніндегі америкалық жетекші журналист Стив Левин өз блогында, бұл 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғаларынан соң АҚШ-тағы саяси жағдайдың өзгергенін мойындау деп жазыпты. «Бұны америкалық путинизмнің, яғни күш құрылымдарының жеңісі деп атауға болады» — бұл Стив Левиннің мақаласынан келтірілген дәйексөз.

Құрметті қонақтар, сіздер шешімі тек қарашаның 19-ы ғана шығатын, Нью-Йоркте аяқталған сотқа қандай түсініктеме берер едіңіздер? Серік мырза, сөз сізде.

Серік Медетбеков:

Біріншіден, америкалық юстицияны осы бір үлкен де, күрделі істің бітуімен құттықтағым келеді. Бұл шамасы АҚШ юстициясының тарихындағы ең ұзаққа созылған істердің бірі болса керек. Естеріңізде болса, бұған дейін Армения президентіне пара беруге қатысты іс аяқталған болатын. Бұған қатысты мен не айта аламын?

Біріншіден, соттың нақты не дегенін есту үшін 19 қарашаны күтуіміз керек. Сол кезде соттың нақты айтқан сөздеріне сүйене отырып «Қазақгейт» ісіне қатысы болған өзге адамдарға байланысты қандай да бір байлам жасауға болады. Мен Назарбаев пен Балғымбаев туралы айтып отырмын.
Шындап келгенде Гиффен барлығын «сатып кетті».

Екіншіден, Гиффеннің адвокаттарының еңбегін мойындау керек. Өйткені, менің ойымша олар бұл процесті тамаша жүргізді. Шындап келгенде Гиффен барлығын «сатып кетті». Ол барлық айыптаулармен келісті. Өзіңіз айтып кеткендей, [кінәсін мойындау арқылы] сотпен келісу негізінде ол ең аз жаза алмақшы. 

Жүргізуші:

— Расул мырза, ендігі сөз сізде.

Расул Жұмалы:
 

Ақырғы үкімді есту үшін қарашаның 19-ын күтуіміз керек деген Серік мырзамен келісемін. Алайда, қарашаның 19-ы бұл істің аяқталатынына сенімім жоқ. Өйткені, менің білуімше Гиффен мырзаға... http://bit.ly/aZyk9d



274
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться