Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   «Ұлы сазгерге өз бейнесін экраннан көрсете алмағаныма әлі күнге өкінемін!»

«Ұлы сазгерге өз бейнесін экраннан көрсете алмағаныма әлі күнге өкінемін!»

rss Азаттық Радиосы 13 августа 2010
Азаттық Радиосы
  «Қайран, Шәмші» деректі фильмінен көрініс.

«Қайран, Шәмші» деректі фильмінен көрініс.

13.08.2010

Тамыздың 15-інде әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 80 жыл толады. Композитор жайында көзі тірісінде «Қайран, Шәмші» деп аталатын деректі фильм түсірілген болатын. Фильм режиссері Тілеген Ахметовпен болған сұқбатты назарларыңызға ұсынамыз.


АЛҒАШҚЫ ЖӘНЕ АҚЫРҒЫ КЕЗДЕСУ

– Композитор туралы «Қайран, Шәмшіден» басқа деректі фильм жоқ екен. Осы туындыны жасауға қалай қол жеткізген едіңіз? Арнайы тапсырыс болған ба еді, әлде өзіңіздің жеке ұмтылысыңыздың нәтижесі ме?

– 90-шы жылдардың басында «Қазақтелефильмге» қызмет ауыстырып келдім. Деректі фильм түсіруді енді-енді бастап, кірісіп жүрген кезім еді. Бұл іске түрткі болып, бел будырған – Қазақ радиосынан Шәмші аға жайында дайындалған бағдарламаны тыңдауым болды. 

Сол бір кездейсоқ естіп қалған радиохабар арқылы Шәмшінің әңгімесін алғашқы рет көңіл қоя тыңдадым. Содан ойға қалдым. «Япыр-ау, бұл кісі қайда жүр? Оның замандасы біз білмесек, кейінгі ұрпақ мүлде білмей кетеді ғой » деген ой жетегімен ертеңінде бастығыма кіріп, Шәмші аға туралы фильм түсіргім келетіндігін айттым. 
 

Марқұм Кәрім Танаев деген киногер жақсы адам еді. Менің ойымды бірден құптап, тапсырысыма қол қойып берді... bit.ly/ci2EXx 

 



238
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться