Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Гранитный түрмесіндегі тұтқындардың туыстары президент Назарбаевқа жүгінді

Гранитный түрмесіндегі тұтқындардың туыстары президент Назарбаевқа жүгінді

rss Азаттық Радиосы 17 августа 2010
Азаттық Радиосы
 

 

 
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшылығына жолығуға келген тұтқындардың туған-туыстары ғимарат қақпасы алдында полицеймен сөйлесіп тұр. Астана, 14 тамыз 2010 жыл.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшылығына жолығуға келген тұтқындардың туған-туыстары ғимарат қақпасы алдында полицеймен сөйлесіп тұр. Астана, 14 тамыз 2010 жыл.

16.08.2010
Мәншүк АСАУТАЙ

Ақмола облысы Гранитный кентінің түрмесінде қамауда отырғандардың ата-аналары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазды. Олар түзету мекемесінде соңғы аптада болып жатқан оқиғаларға қатысты колония басшылығының әрекеттеріне наразылық білдіріп, президенттен араша сұрайды.


НАЗАРБАЕВҚА АШЫҚ ХАТ 

Дүйсенбі күні таратылған хатта Ақмола облысы Гранитный кентіндегі ЕЦ-166/25 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқандардың туыстары түрме басшылығына, республикалық және облыстық қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне шұғыл шара қолдануын сұрап президент Нұрсұлтан Назарбаевқа шағымданған. Хат авторлары түзету мекемесінің ішінде ешқандай тәртіп пен заң сақталмайтындығын айтады.

— Біз президенттен әділдікті талап етіп отырмыз. Себебі, түрмеде болып жатқан бассыздыққа қарсы тұруға күшіміз жетпейтіндігі 
Сотталғандардың киімі күресінде жатыр. Гранитный кенті, Ақмола облысы, 12 тамыз 2010 жыл.
анық. Бірақ бұл заңсыздықпен күресу қажет, сондықтан бізге біреу көмектесуі керек емес пе? – дейді сотталғандардың бірінің туысы Даурия Ахметжанова. 

Хатта түзету мекемесінде сотталғандарды ұрып-соғатыны, оларға өз арасындағыларды айдап салып ақша талап ететіндігі жазылған. Одан өзге колония басшылығы сотталғандарды тегін жұмысқа салатыны айтылған.

«Колонияның аумағында заңсыз коммерциялық-өндіріс жұмыс істеп жатыр. Онда жазасын өтеушілерді құл ретінде пайдаланады. Бояу цехы, көліктерді техникалық жөндеу орталығы мен темір өнімдерін дайындайтын цехта сотталғандар жұмыс істейді. Әрине, бұл қызметтерден түсіп жатқан табыс жарияланбайды», — делінген хатта. 

КҮДІК 

Хатқа қол қойған азаматтар өткен аптада колонияда болған жайтқа қатысты ресми айтылғандардың барлығы... http://bit.ly/bboRjw


301
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться