Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   «Қазақстан қайта жаңару жолында, дегенмен банк жүйесі әлсіз»

«Қазақстан қайта жаңару жолында, дегенмен банк жүйесі әлсіз»

rss Азаттық Радиосы 18 августа 2010
Азаттық Радиосы
   
'ҚазМұнайГаз' компаниясының кеңсесі. Астана қаласы

"ҚазМұнайГаз" компаниясының кеңсесі. Астана қаласы

18.08.2010

«Мұнайдың молдығы мен бағасының жоғары болуы және дер кезінде қабылданған ынталандыру бағдарламалары Қазақстан экономикасының қайта өрлеуіне қолдау болды. Банктер табыс әкелмейтін несиелер қорына назар аударуы қажет, үкімет оларды қаржылай ынталандыру тәсілінен біртіндеп бас тартуы тиіс» деп жазады Халықаралық қаржы қоры.


2010 ЖЫЛЫ ТӨРТ ПАЙЫЗДЫҚ ӨСІМ 

Халықаралық қаржы қорының тамыздың 17-і күні жарық көрген онлайн шолуында Қазақстанның экономикалық дағдарыстан шығып келе жатқандығы атап айтылған. Бірақ банк саласындағы қордаланған мәселелер мен несиелік пайыздардың жоғары болуы әлі де көп порблеманы алға тартып отыр деп жазады халықаралық беделді ұйым.

Халықаралық қаржы қорының жылдық бұл шолуында Орталық Азиядағы мұнайлы елдің экономикасы 2010 жылы төрт пайызға дейін өседі деген болжам жасалыпты.

Сонымен бірге қаржы қорының экономистері Қазақстан дағдарыстан әлсіреп қалған банк саласына назар аударуы қажет деп атап көрсетеді.

Қазақстанда соңғы жылдары маңызды деген жаңа мұнай кеніштері ашылғаны белгілі. Ел экономикасында мұнай секторы басым бағыт болып табылады.
 

Қазақстан экономикасының 2000-2010 жыл аралығында орта есеппен 10 пайызға өсуіне тікелей тартылған шетелдік инвестицияның... http://bit.ly/cthAmp



290
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться