Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Туыстары Гранитный түрмесіндегілердің бүліктен кейінгі жағдайын біле алмай дал

Туыстары Гранитный түрмесіндегілердің бүліктен кейінгі жағдайын біле алмай дал

rss Азаттық Радиосы 19 августа 2010
Азаттық Радиосы
   
Гранитный түрмесіндегі бауырынан хабар ала алмай отырған жас әйел. Астана, 14 тамыз 2010 жыл

Гранитный түрмесіндегі бауырынан хабар ала алмай отырған жас әйел. Астана, 14 тамыз 2010 жыл

18.08.2010

Тамыздың 18-і күні Астананың қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің алдында Гранитный түрмесіндегі сотталғандардың туған-туыстары наразылық шарасын өткізді. Қамаудағылардың туыстары өздерін жақындарымен кездесуге мүмкіндік бермей жатқанына шағымданса, түрменің бұрынғы тұтқындары колониядағы адам төзгісіз жағдайдың шын екенін баяндап берді.


«ҮМІТІМ ҮЗІЛУГЕ ШАҚ ҚАЛДЫ»

Наразылық шарасына қатысушылардың айтуынша, түрме әкімшілігі тамыздың 8-і күнгі бүліктен кейін оған қатысы бар азаматтарды туыстарымен жолықтырмай отыр.

— Менің бауырым бүлікке қатысқандықтан оны бізбен кездестірмей отыр. Онымен хат-хабардың үзілгеніне шамамен бір ай болды. Мені құқық қорғау органдарының ешқайсысы тыңдағысы келмейді. Әлі күнге дейін бауырым жайлы ешқандай мағлұмат ала алмай отырмын. Барған сайын үмітім үзіліп барады, — дейді Даурия Ахметжанова. Жақындарынан еш хабар ала алмай отырған дәл осындай екі азамат бар көрінеді.
Құқық қорғаушы Вадим Курамшин Қылмыстық-түзету жүйесі комитетінің өкілі Ғалымжан Хасеновпен сөйлесіп тұр. Астана, 18 тамыз 2010 жыл

— Бұл сотталушы Арманның анасы. Оған ұлымен кездесуге тыйым салып қана қоймай, тіпті баласының қай жерде екенін айтпай отыр. Сонымен бірге Шымкент қаласынан келген бір азаматқа да баласымен кездесуге мүмкіндік бермегендіктен ол кетіп қалды, — дейді құқыққорғаушы Вадим Курамшин.

Ақпарат бойынша, дүйсенбі күні түрме басшылығы бүлікке қатысы жоқ азаматтарды туыстарымен кездестіруге рұқсат беріпті. Бірақ олардың кездескен-кездеспегені әлі белгісіз болып отыр.

ТҮРМЕДЕГІ АЗАП
 

Наразылық шарасына бұрын осы түрмеде жазасын өтеген азаматтар да келіп, қалыптасып отырған мәселелерге қатысты... http://bit.ly/bqpyIt



223
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться