Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   «Жарығы жоқ, суы жоқ «Нұртас» қайтіп күн көрер?»

«Жарығы жоқ, суы жоқ «Нұртас» қайтіп күн көрер?»

rss Азаттық Радиосы 23 августа 2010
Азаттық Радиосы
 

'Нұртас' ықшамауданы. Шымкент қаласы. 20 тамыз 2010 жыл.

«Нұртас» ықшамауданы. Шымкент қаласы. 20 тамыз 2010 жыл.

23.08.2010
 

Шымкенттің шығыс бөлігіндегі «Нұртас» ықшамауданына әлі күнге дейін жарық тартылмаған. Жарықты былай қойғанда, ең басты тіршілік көзі – су да жоқ. Ықшамауданда емхана да салынбаған. Балалар ең жақын мектепке жету үшін жаяулап сегіз шақырым жол жүреді.


БӨШКЕДЕН ҚҰРТТАҒАН СУ ІШЕДІ

«Нұртасқа» қоныс аударғандар ең бірінші су құятын үлкен бөшке алып келуі тиіс. Онсыз қиын. Әр үйдің ауласында бір-бір бөшке тұр. Екі тонна суды 1,5-2 мың теңгеге құйдырып алады. Сондықтан су таситын көліктің шопыры мұнда аса беделді. Ол болмаса күндері қараң. 
«Нұртас» ықшамауданының тұрғыны Гүлдар
Мырзабаева. Шымкент қаласы. 20 тамыз 2010 жыл. 

Суды үнемдеп ішеміз дегенше ол сасиды, ақыр аяғы құрттап кетеді. 

Тұрғындар табиғи газ туралы армандамайды да. Ал, әлеуметтік нысандар — мектеп, емхана дегендер атымен жоқ. Жол да жоқ. Шаңы аспанға атқан топырақ жол ауылды еске салады. Қалаға жету үшін екі сағат уақыт керек. Баласы бар үйлерге тіптен қиын. Ең жақын деген мектептің өзі 8 шақырымдай жерде. Қақаған қыста балалардың оқуға қатынауы тіптен қиындап кетеді. 

«Нұртас» ықшамауданының тұрғыны Гүлдар Мырзабаева «Әу баста жерді сатып алғанда элиталық аудан болады деген. Коммуникациясының бәрі жүргізіледі деген соң, қымбат та болса осы жерді 6,5 мың долларға алғанбыз» — дейді,.

Гүлдардың мұнда тұрғанына екі жылдан асты. Содан бері не су жоқ, не жарық жоқ. 

– Ешқандай жағдай жоқ. Әкімшіліктен не болмаса басқа да органдардан бір адам келіп, жағдайымызбен танысқан емес. Мұнда тіпті домком, уличком да жоқ. Әркім өз арбасын өзі сүйреп жүрген жағдай. Су болмағандықтан кейде ыдыс-аяғымызды жинап қойып отырамыз... http://bit.ly/c7DKmz


283
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться