Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Илхам Әлиевтің кіші қызы тағы бір бизнес көзін иеленді

Илхам Әлиевтің кіші қызы тағы бір бизнес көзін иеленді

rss Азаттық Радиосы 24 августа 2010
Азаттық Радиосы
 

 

 
Әзірбайжан президенті Илхам Әлиевтің кіші қызы Арзу Әлиева.

Әзірбайжан президенті Илхам Әлиевтің кіші қызы Арзу Әлиева.

24.08.2010

Әзірбайжан президенті Илхам Әлиевтің бизнес-империясы құлашын кеңге жайып келеді. Оның 21 жастағы кіші қызы Арзу Әлиева әуе желілеріне қызмет көрсететін компания мен аса ірі банктердің бірінің иелеріне айналды. Бірақ оған қалай қол жеткізгені әлі күнге жұмбақ.


ТАНЫС БОЛЫҢЫЗ: АРЗУ ӘЛИЕВА

Бакудің халықаралық әуежайы мен астана орталығын жалғастыратын күре жолда саяхатшыларға SW Holding холдингінің жарнамасы ілінген бірнеше билбордтар алыстан-ақ менмұндалап көрінеді. Сырт көзге бұлар әуе желілеріне қызмет көрсету саласындағы монополистке айналған ірі компанияның қарапайым жарнамаларының бірі сияқты әсер қалдырады.

SW Holding холдингінің құрамындағы компаниялар орта қашықтыққа қатынайтын ұшақ жолаушыларын тағаммен қамтамасыз етіп, ұлттық әуе компаниясының ұшақтары мен тікұшақтарын техникалық жөндеу жұмыстарымен шұғылданады. Тіпті такси қызметіне дейін ұсынады. Саяхатшыларға жәрдем көрсету қызметінен бастап, дьюти-фри баж салығынсыз сауда жасайтын дүкендерге дейін — осы холдингтікі.

SW Holding холдингінің үлкендігі соншалық, тіпті, Silk Way Bank деп аталатын банкі де бар. Әзірбайжан Қаржы қауіпсіздігі мемлекеттік комитетінен алынған құжаттарға сілтей отырып, Азат Еуропа/Азаттық радиосы Әзірбайжан редакциясының жүргізген журналистік зерттеуі көрсеткендей, банк қожайындары – ел басшылығымен тікелей байланыстары бар екі әйел.

Олардың бірі – «Азал» мемлекеттік әуе компаниясы басшысының әйелі Зарифа Гамзаева, ал екіншісі – Әзірбайжан президенті Илхам Әлиевтің 21 жастағы қызы... http://bit.ly/b7JFih


261
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться