Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   "Қырғызстанның оңтүстігінде тағы бір толқу болуы мүмкін"

"Қырғызстанның оңтүстігінде тағы бір толқу болуы мүмкін"

rss Азаттық Радиосы 25 августа 2010
Азаттық Радиосы
 

 

 
Оштағы наразылық митингілерінің бірінен көрініс. 20 тамыз 2010 жыл

Оштағы наразылық митингілерінің бірінен көрініс. 20 тамыз 2010 жыл

24.08.2010

«Халықаралық дағдарыс тобы» Қырғыз Республикасының оңтүстігіндегі ахуалды барлап, арнайы есеп жариялады. Тиісті қауіпсіздік шараларын қолға алмаса, тағы бір сойқан болуы мүмкін деп ескертеді шетелдік мамандар.


ЖАҢА БИЛІКТІҢ ОСАЛ ТҰСТАРЫ

Брюссельде орналасқан «Халықаралық дағдарыс орталығы» атты тәуелсіз ұйым тамыздың 23-інде «Қырғызстандағы қырғын» атты есебін жариялады. Құжатта биылғы маусым айында осы елдің оңтүстігінде тұратын қырғыздар мен өзбектердің арасындағы қақтығысқа талдау жасалған.

Маусымның 11-і мен 14-і арасында болған қақтығыс кезінде жүздеген адам қаза тапты, екі мыңнан астам үй-жай қирады. Зардап шеккендердің көпшілігі өзбектер болып шықты. Бұл жағдай екі этникалық топтың арасына жік салып, дүрдараз етті.

«Халықаралық дағдарыс тобы» бұл шиеленіс Құрманбек Бакиевті биліктен қуып, биылғы қазан айында парламент сайлауын өткізуге қамданып жатқан Уақытша үкіметтің шарасыздығын көрсетті деп жазады. 

«[Ош өңіріндегі] зорлық-зомбылықты тоқтатып, енді ондайды болдырмауға қатысты үкіметтің жайбасарлығына қарасаңыз, тағы бір сойқанның жақындап қалғаны сезіледі» деп жазылған талдау-есепте.

БЕРЕКЕСІ ҚАШҚАН АЙМАҚ

Жаппай тонау, қарақшылық, адам өлтіру мен үй өртеу әрекеттері тұрғындарға әрі психологиялық, әрі экономикалық соққы болып тиді. Этникалық өзбектер мен өзге де аз ұлттар елден қаша бастады, Орталық Азиядағы онсыз да қалт-құлт етіп тұрған... http://bit.ly/duwUOj


239
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться