Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Діни ағым жетекшісінің сотына барған Азаттық тілшісі қамауда болды

Діни ағым жетекшісінің сотына барған Азаттық тілшісі қамауда болды

rss Азаттық Радиосы 27 августа 2010
Азаттық Радиосы
 

 

Діни ағым жетекшісінің сотына барған Азаттық тілшісі қамауда болды
Қуанышбек Қари, Азаттық радиосының қызметкері Алмалы аудандық полиция басқармасының алдында. Aлматы, 26 тамыз 2010 жыл

Қуанышбек Қари, Азаттық радиосының қызметкері Алмалы аудандық полиция басқармасының алдында. Aлматы, 26 тамыз 2010 жыл

26.08.2010
Мәншүк АСАУТАЙ

Тамыздың 26-сы күні таңертең Алмалы аудандық сотына барған бір топ журналист Алмалы аудандық полиция басқармасынан бір-ақ шықты. Діни ағым жетекшісінің соты туралы хабар дайындамақ болған журналистер ешқандай түсініктемесіз екі жарым сағаттан кейін барып босатылды.


БАС САЛЫП ТҰТҚЫНДАУ

Бейсенбі күні таңғы саған 9-да Алматыдағы Алмалы аудандық сотында Қазақстандағы сопылық ағымның жетекшісіне қатысты сот процесі басталуы тиіс еді. Діни ұйымға қатысты іске қатысу үшін судья Гүлжахар Шыныбековадан рұқсат алмақ болған журналистерді полиция қызметкерлері бірден ұстап, бөлімшеге ала жөнелген. 

Өзін дәстүрлі Йассауия жолының жандандырушы ретінде танытып жүрген Исматулла Мақсұмға байланысты басталуы тиіс сот процесіне барған бір топ журналисті полиция ұстап алып кетті.

Ұсталғандардың арасында «Алаш айнасы», «Үш қиян», «Орда KZ», «Дорожный патруль» және Азаттық радиосы Алматы бюросының бас редакторы Қуанышбек Қари болған. 

— Бізге ешқандай мән-жайды түсіндірместен рапорт толтырып жатыр. Алып келген полиция өкілдері мәселенің барлығын басшылыққа сілтеп отыр, — деді Қуанышбек Қари полиция басқармасынан телефон арқылы.

Ал Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы бастығы Талғат Сейілханов...  http://bit.ly/cvRCLQ


262
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться