Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Әлнұр Мұсаевты ұрлап әкету әрекетіне қатысты сот аяқталды

Әлнұр Мұсаевты ұрлап әкету әрекетіне қатысты сот аяқталды

rss Азаттық Радиосы 31 августа 2010
Азаттық Радиосы
 

 

 
Әлнұр Мұсаев, ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы

Әлнұр Мұсаев, ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы

30.08.2010

Тамыздың 26-сында Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаевты ұрлап әкетпек болған әрекетке қатысты Австрияда қозғалған қылмыстық іс аяқталды. Бұл оқиға арнайы қызмет орындарының Рахат Әлиевті қолға түсіру үшін жасаған айла-шарғыларымен байланысты деп айтылады.

ШЕЛЕК ЖАЛАҒАН СТУДЕНТ

Австрияның «Остеррайх» газеті өткен бейсенбі күні Вена қаласында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаевты ұрлап әкетуге қатысты сот ісі аяқталғанын хабарлайды. Күдіктілердің қатарында бір қазақ студенті бар болып шықты. Ол қылмыс орнына Берлиндегі қазақ елшілігі өкілдерінің тапсырмасын орындау үшін барған. Хабарламада я студенттің, я оның серіктерінің аты-жөндері жазылмаған. Тергеу кезінде анық болғаны – бұл студентке Әлнұр Мұсаевты аңду, оны ұрлап әкетуге болысатын адамдарды табу тапсырылған.

Ұрлау әрекетіне екі словениялық қатысқан. Вена прокуратурасы бұларды қылмысқа қатысы бар деп айыптаған. Ал сот словениялықтарды кінәсіз деп тапты. Әйтпесе екеуі 10-нан 20 жылға дейінгі аралықта жаза мерзімін алуы мүмкін еді. Словениялықтарды ұсақ тонаушылық жасағаны үшін соттап, екі жылға бас бостандықтарынан айырды. Бірақ олар түрмеде сегіз ай ғана жаза өтейді.

АСТАНАША АДАМ ҰРЛАУ

«Остеррайх» газеті шетін шығарған тергеу материалдарына сәйкес, белгісіз үш адам Әлнұр Мұсаевқа 2008 жылы қыркүйектің 22-сінде таңғы тоғыз шамасында,  Венадағы үйінен шығып, көлігіне отыра бергенде тап берген. Мұсаев пен оның қасындағы әйел екеуін көлік салонына сүйреп кіргізіп, бас-көз демей төмпештей жөнелген. Әйелдің мұрнын сындырып, Мұсаевтың... http://bit.ly/9ghIRc


279
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться