Сообщества  >   ФУТБОЛ И КТО ЕГО ОБОЖАЮТ  >   Галатасарайдан Райкард кетіп, Хаджы келді.

Галатасарайдан Райкард кетіп, Хаджы келді.

rss ФУТБОЛ И КТО ЕГО  ОБОЖАЮТ 22 октября 2010
Галия Сериккызы
 

Соңғы уақытта ұлттық құрамасының кебін киіп басынан бағы тайып жүрген «Галатасарайдың» шыдамы ел чемпионатында «Анкаракүшімен» болған матчқа ғана жеткен сияқты. Аталмыш матчтағы 2:4есебі «ГС» командасын тоғызыншы орынға бір-ақ сырғытты. Төрт жеңіс, төрт жеңілістен соң он екі ұпаймен тоғызыншы орынға тұрақтаған «ГС» командасына арқа-арқадан келген сәтсіздікке шыдамаған бас бапкер креслосы шытынап, шайқалып қоя берді. Ақыры сынып тынды, яғни «ГС-ның» бас бапкері Франк Райкард бапкерлікті Георге Хаджыға қалдырды. Аталмыш команданың бас бапкерлігін өткен жылы қолына алған голландиялық маман 2009-2010 жылғы ел чемпионатында командасын бар болғаны төртінші орынға ғана жайғастыра алған болатын. Онан соң оған «Карпатпен» болған дуэльде жеңіліс тауып, Еуропа Лигасының топтық турнирына іліге алмай қойғанын қосыңыз. «Галатасарайдағы» ауыс-түйіс мұнымен біте қойған жоқ. Спорттық директор міндетін команданың бір кездегі капитаны, 2008 жылы футболмен қош айтысып, жеке кәсібімен айналысуды жөн көрген, түрік футболының аңыз аяқдопшысы, 2002жылғы бүкіләлемдік доп додасының жұлдызы Хакан Шүкір қолына алды. Сондай-ақ жарақатына байланысты соңғы матчтардан тыс қалған команда капитаны Арда Тұран да жақын күндері қайтадан жасыл алаңда атой салуға дайындық үстінде. «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» деуші еді. Галатасарайдың, тек «ГС» ғана емес, түрік футболының аңызы Хакан Шүкірдің келісінен соң Галатасарай кеткен есесін қайтарып, қазанның жиырма төрті болатын Фенербахче-Галатасарай матчында қарсыласты қапы қалдырып, онан соң да кеткен еселерін қайтарып, ел чемпионаты атағына қол жеткізер деген үміттеміз.



306
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться