Сообщества  >   О, мaхаббат!  >   Парталасыма

Парталасыма

rss О, мaхаббат! 10 октября 2010
Галия Сериккызы
 

Асау мінез, асыл дос, парталасым,
Сендейлерден мына өмір шаршамасын.
Қасаң қалпын өмірдің бұзып жүрер
Тентек ең,
Қазір қандай ортадасың?


Жазасына да ұстаздың жөн табасың,
Кішілерге (әй, мықтым!) мәрт ағасың.
Мақтамаймыз, сенімен мақтанамыз.
Десек те бірді-екілі арқала сын.


Таласқанмен орындық, кітапқа да,
Көңілімде кек отын тұтатпағам.
Ескі күннің ескірмес естелігі
Еске алғанда өзіңді жұтап қалам.

Санайтынмын үнемі пір өзіңді
Шәлкес демей, көтеріп мінезіңді.
Тағдыр әркез басыңнан сипамайды,
Берік ұста құм етпей жігеріңді.23-қазан 2005 жыл



452
  • Зарина =) Зарина =) 07 ноября 2010, в 17:30:28
    жақсы жазылған, парталасымды сагынып кеттім…
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться