Сообщества  >   О, мaхаббат!  >   Ақындар жырлары...

Ақындар жырлары...

rss О, мaхаббат! 19 октября 2010
Мейіргүл Оңғарова
 

… Махаббат па?

Махаббат болған еді.

Таудың мен еркін жүрген тағысы едім,

Тапты да, түсірді ғой торға мені.

Махаббат па?

Махаббат болған менде,

Жиі барғам аққулар қонған көлге,

Өлгенше кетер емес көңілден еш...

Ғашықтық па?

Ғашық та бола білгем.

Бір-ақ жанға ғашықпын бала күннен.

Жанымменен сүйемін, жанарыммен.

Сағыныш па?

Қалай оны тауыса аламын.

Сағынғамын, шөлдегем, аңсағамын,

Ақыры шаршағамын, шаршағамын.

Сүйгенім бе?

Сүйгенім өмірде емес.

Ұйықтасам, түнде түсім, көңілде елес,

Ал қазір тоңған жүрек, солған кеуде.

          МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ



880
  • Bakdaulet Bekzhanov Bakdaulet Bekzhanov 01 ноября 2010, в 22:29:11
    Махаббат жайлы жаңа сайт аштым… сен-үшін.кз сізді махаббат жайлы ойыңыз керек...















































    ответить
  • Aidos Rahimgaziev Aidos Rahimgaziev 08 ноября 2010, в 21:29:12
    мықты айтылған сөздер
    ответить
  • Мейіргүл Оңғарова Мейіргүл Оңғарова 08 ноября 2010, в 22:33:22
    Комментарий жазылғаны жөнінде смс келді… Ашып қарасам, коммент жоқ))) Пікір өшірілген болса, өшірілді деп тұрушы еді… Хе, қызық екен…
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться