Сообщества  >   Алланың барына сенейік, ағайын!!!
Алланың барына сенейік, ағайын!!!
Владелец

Участники (118)

все
Жалғас Ертай Adil  G. Nazyma Aidarhanova Бүркіт Нұрасыл Ярик . Канат Куаныш Жулдыз Балтаева Мирас Мамбетов МАFЖАН ЫБЫРАЙ Айя *****

Алланың барына сенейік, ағайын!!!

Ислам дініне қатысты ой-пікірлеріңізбен бөлісіңіздер. Уағыздар, әр түрлі әңгімелер, өзекті өртейтін оқиғаларыңыз болса ортактасыңыздар !!!
Тип: Частная группа
Категория: Общие интересы

Обсуждения

Альбомы (1 альбом)

Видеоальбомы (0 видеоальбомов)

Стена (3)

  • Ерке -/-/-/-/-/-Ерке -/-/-/-/-/- 30 июня 2010, в 16:55:58
    Имам Ағзам Әбу Ханифаның бала кезінде еді. "АЛЛА"
    деген бір жаратушының болмағанын, әр нәрсенің табиғаттан жаратылғанын
    мақұлдайтын, қайда барса да ғалымдармен кездесіп айтысатын бір дінсіз адам жүре-жүре Куфә қаласына да жетті!
    Теріс пікірлерін айта бастаған бұл дінсіздің, Куфа шаһарының
    ғалымдарымен кездесіп мәжіліс құрмақшы болғанына күлген мұсылмандар:
    - Біздің кішкентай бір ғалымымыз бар. Егер соны жеңе алсаң білімді
    ғалымдарымыз сенімен кездеседі!, - деп жауап берді. Содан кездесетін
    жерін және уақытын айтып тарады.
    Куфәлілер мәжіліс үйіне лық толды. Арадан жарты сағат өткенде
    кішкентай ғалым әлі келмеген еді. Уақыт өткен сайын дінсіз, өзінен-өзі
    кекірейіп: "Білем! Менен қорықты!". - деп жылмаң қағып отырады.
    Дәл осы кезде кішкентай ғалым Имам-Ағзам Әбу Ханифа да кіріп келді.
    Дінсіз адам оған:
    - Не үшін кеш қалдың кішкентай тентек? Қорыққаныңнан кешіктің бе? -
    деп сұрады. Ол да:
    - "Жоқ неден қорқам. Үйіміз өзеннің ар жағында. Бер жаққа өтпекші
    болғанда көпірдің түсіп кеткенін көрдім. Өте алмайтынымды білген соң сол маңайдағы ағаштарға; "дереу бір қайық болып мені арғы жаққа өткізулерін әмір" еттім. Ағаштар да қайық болып мені өткізді. Сондықтан кешіктім.
    Кешіріңіздер!" - деді.
    Бұл жауапқа қарқылдап күле бастаған дінсіз адам:
    - "Ей ақылсыз балам-ай! Ешбір ағаш өз-өзінен қайық бола ма?" -
    дегенде Әбу Ханифа шындыққа көшіп:
    - "Анығында ақылсыз өзіңсің. Бір қайықтың өз-өзінен жасалғанын
    қабылдамайсың сөйте тұра ұшы-қиырсыз, алды-арты жоқ әлемнің өзінен өзі бар болғанын қайтып қабылдап отырсың?" Бұл тамаша тапқырлыққа таң қалып қалған дінсіз:
    - "Мені байқатпай ұстадың ғой! Жә, ондай болса көрсетші ол Алланы
    маған, мен де сенейін", деді. Сонда Әбу Ханифа, бір шыны сүт алдырып, дінсізден сұрады:
    - Осы май мен ірімшік қайдан шығады?
    - Әлбетте, сүттен!
    - Ендеше, мына шыныдағы сүттің ішіндегі май мен ірімшікті маған
    көрсетіп берші! Дінсіз әбден шарасыз қалып:
    - "Әрине, бұл сүттің ішнде май мен ірімшік бар. Бірақ, көзге
    көрінбейді", - деді. Тапқырсынып отырғанда тапжылтпай ұстаған Әбу
    Ханифа:
    - "Мына жалғыз шынының ішіндегі сүттің май мен ірімшігінің бар екенін
    біле тұрып, оны көрсете алмайсың да мына үлкен әлемді жаратқан Алланы
    қайта-қайта, көрсет маған дейсің! Бұл мүмкін бе? Сүттің ішінде қалай май
    болса, Алла да бұл әлемде осылайша бар, бірақ көрсетуге болмайды", -
    деді.
    Бұл дәледі жауаптармен әлі де, бір Алланың барлығына сенбей,
    білгірсініп отырған, адам:
    -"Соңғы сұрағыма жауап берсең сонда барып саған жеңілгенімді
    мойындаймын. "Алла бар" деп бой бермейсің ғой. Ол Алла дәл қазір не
    істеп жатыр? - деп сұрады. Бір азғана ойланып қалған ғалым:
    - "Бағанадан бері отырған мінбеден түсіңіз енді" - деді. Сұрақтың
    жаубын сонда берейін деп, дінсізді төмен түсіріп, өзі мінбеге шығып:
    - "Дәл қазір Алла сен сияқты бір дінсізді мына мінбеден төмен
    түсіріп, мен сияқты кішкентай бір құлын жоғары шығарды" - деді.
    Білгірсінген дінсіз аузын аша алмай қалды. Мәжіліс үйін лық толтырған
    қалың халайықтың алдына "Кәлима-Шәһәдет" айтып дереу мұсылман болды.
    Написать сообщение
  • Мugalim *Мugalim * 16 июля 2010, в 09:50:44
    Комментарий удален пользователем
    Написать сообщение
  • Сагынжан ОрынбаевСагынжан Орынбаев 26 октября 2010, в 14:14:50
    Ассалам алейкум уа рахматуллахи уа баракатуху!!! dinulhak.com
    Написать сообщение
  • Rose ...Rose ... 26 октября 2010, в 18:25:06
    'dinulhak.com' Sait turali inform berseniz? Dilmurat degen kim? Kanshalikti senimdi?
    Написать сообщение