Сообщества  >   Алланың барына сенейік, ағайын!!!  >   Өз ойларыңызды мына тақырыпқа жазсаңыздар :)

Өз ойларыңызды мына тақырыпқа жазсаңыздар :)

rss Алланың барына сенейік, ағайын!!! 30 июня 2010
Жалғас Ертай
 




333
  • ░Ta Ab▓ ░Ta Ab▓ 30 июня 2010, в 19:24:32
    не туралы қауымдастық?
    ответить
    • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 30 июня 2010, в 19:30:08
      алланың бар екеніне сенетін, және ол туралы адамдарға айтатыны барларға арналған екен :) дін туралы ойлар, пікірлер болса жақсы болар еді :)
      ответить
  • Ерке -/-/-/-/-/- Ерке -/-/-/-/-/- 01 июля 2010, в 11:21:33
    «Бір кісі жол бойына тікенді ағаштың көшетін отырғызады. Мұны көрген жолаушылар шыбықты алып тастауды өтінді. Алайда, ол: «Ей, неғылар дейсің», деп олардың сөзін елей қоймайды… Уақыт өте келе жас шыбық тамырын тереңге жіберіп, жайқала түсті. Оның тікендері сол жерден өткен жолаушыларды жаралап, киімдерін жырта бастады. Тіпті, жерге түскен тікенектер сол маңда ойнап жүрген балалардың табанына кіріп, әбігерге салды. Бір күні бұған шыдай алмаған бір діндар әлгі кісіге келіп, ағашты кесіп тастауды талап етті. Бірақ, бұл жолы да уәдесін бергенмен, сөзінде тұрмайды. Діндар екінші келгенде оған былай деді:

    «Сен бұл істі «ертең тындырамын» дейсің. Алайда, күн өткен сайын тікендер үлкейіп және көбейіп барады. Ал, сенің есігіңді қарттық қағып тұр. Күш- қайратың азайып, ертең ештеңеге шамаң келмей қалады. Сондағы өкініштен асқан бұл дүниеде жамандық жоқ шығар».



    Хикаядағы тілге тиек болған тікен астарлы мағынада қолданылған. Ол адам баласының бойындағы өзімшілдікті, дүниеқұмарлықты, ашкөздікті, орынсыз ысырапшылдықты және күнәлар мен жаман әдеттерді меңзеп тұр. Мұндай күнәлар адамның рухани өміріне зиян келтірумен қатар, оны сезімнен жұрдай етіп мейірімсіздіккке жетелейді. Өзін басқалардан жоғары қою сияқты жаман қасиеттерге итермелейді. Бұл — жүректің жазылмас дертке шалдығуы деп ойлаймын.
    ответить
  • рай рай рай рай 01 июля 2010, в 13:38:02
    Біле білгенге уақыт, ол – мүмкіндік. Адам мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермесі» анық. «Уақыт адамзатпен санаспайды, ал уақытпен санасқан адаспайды» деп түйген халық нақылын мына бір дәмді ой да аша түскендей: Бір жылдың қадірін білем десең, сыныпта қалған оқушыдан сұра. Бір айдың қадірін білем десең, нәрестесін сегіз айлығында босанған келіншектен сұра. Бір аптаның қадірін білем десең, апталық газет шығаратын редактордан сұра. Бір сағаттың қадірін білем десең, бір-бірін асыға күткен ғашықтардан сұра. Бір минуттың қадірін білем десең, пойызынан қалып қойған жолаушыдан сұра. Бір секундтың қадірін білем десең, жол апатының алдын алуға үлгермеген жүргізушіден сұра. Бір мини секундтың қадірін білем десең, әлемдік жарыста күміс жүлде алған желаяқ жүгірушіден сұра!
    ответить
    • Ерке -/-/-/-/-/- Ерке -/-/-/-/-/- 08 июля 2010, в 14:44:53
      Керемет айтылған екен. Шындығында да солай ғой мән беріп оқысақ.
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться