Ақиқат пен қазақ

rss Алланың барына сенейік, ағайын!!! 4 августа 2010
Сffffff fffffff
 

«Сәлем сөздің атасы» дейді қазақ,
Пайғамбардың сөзіне тұр ғой ұқсап.
«Жақсы амал не екен?» деп сұраса,
Ол кісі: «Сәлем бер мұсылманға жайып құшақ».

Деп бұйырды пайғамбар Мұхаммедім,
Сол үшін де айтайын оңды сөзім.
Алланың сәлемі болсын ей, халайық!
Исламға ете алмаған дұрыс төзім.

Ислам дінім демекші өкініш бар,
Көп қазақтың діні әлсіз, санасы тар.
Қарап отсақ айнала, тұрмысқа бір,
Мешіт емес салады кафе мен бар.

Ертедегі бабалар «Дінім» деген.
Бір Алладан өзгеге берілмеген.
Ал қазіргі халықта бұл ой бар ма?!
Бойларынан дін иісі көрінбеген!

Серік қосу көбейді, бұл жаман зат,
Алладан емес өзгеден медет сұрап.
Ризық, саулық, өмір мен баланы да,
Алла берер, өзгеден не бар сұрап?!

Намазың оқылмайды күнделікті,
Ораза тұтылмайды, күндер өтті.
Мұсылманмын деп айту өтірік қой,
Кәпірлерге ұқсатсақ әрбір істі.

Бай адам зекет беру ойламайды,
Ақшасы болмағанды сыйламайды,
Баласы тұмауынан жазылса егер,
Той жасап, миллионсыз тойламайды.

Қажыға барам дейді мансап үшін,
Басқалардан бір елі қалмау үшін,
Ей, ағайын, атаққа қарамаңдар.
Дінді сатып алам деп, салма күшің!

Дінім осы не керек, қалдық сорлап,
Өзімізді-өзіміз жүрміз қорлап.
Құран мен хадистерге сенген жанды,
Молдеке не бар мұнда? деп мазақтап.

Дінді тірілт, ағайын, Құран үйрен!
Дінсіздікті жеккөріп, одан жирен!
Жалғыз Алла береді өмір, өлім.
Құлшылықты арнаңыз, иіліп төмен.


Құрбаныңды шалмаңыз сіз басқаға,
Тілегің тілемегін бұрылып бір молаға!
Сұра бәрін арна барлық құлшылық
Жалғыз болған, жаратушы Аллаға!


Құранды сүй, хадистен қолды үзбе,
Білсең қадірін айырбастамассың басқаға!



291
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться